ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қазан айында ауа райы қандай болады?

Қазан айында ауа райы қандай болады?

Әлеумет 02.10.2021, 15:46 1,263
Қазан айында ауа райы қандай болады?
Cурет: Martebe.kz
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады.


Қазан – күзден қыс мезгіліне көшу уақыты. Қазіргі кезде ауа райы өзінің тосынсыйларына толы, әсіресе солтүстік аймақтарда көптеген жылдар бойы жинақталған мәліметтерге сәйкес боран болуы, тіпті қар жамылғысының пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.


Бір айдағы орташа ауа температурасы елдің көп бөлігінде көпжылдық нормаға жуық болады деп күтілуде: Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Түркістан облысының батыс жартысында, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде нормадан 1° жоғары. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормаға жуық болады деп болжануда. Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында нормадан аз жауын-шашын күтіледі. Болжамға сәйкес, Ресейдің еуропалық аумағы арқылы өтетін Скандинавия мен Баренц теңізінің аудандарынан суық антициклон, қазан айының басында республиканың батыс жартысында ауа райын қалыптастырады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында, керісінше, батыс және оңтүстік циклондардың жырасынан және белсенді фронтальді бөліктердің өтуінен жауын-шашын болжанады (жаңбыр, қар, тұман және көктайғақ құбылыстары) – Қазақстанның таулы аудандарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін. Айдың бірінші онкүндігінде солтүстік-батыс антициклонның батыс өңірлерге басып кіруі, ауа температурасының түнде 1-3 градус аязға дейін, күндіз +10+15°С дейін төмендеуіне алып келеді. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы түнде -5+5°С-тан -1-8°С-қа дейін, күндіз +3+10°С-тан 0,+5°С-қа дейін төмендейді. Ал бірінші онкүндіктің екінші жартысынан бастап, республиканың басым бөлігінде 10-12 градусқа дейін жылынады. Қазанның екінші және үшінші онкүндіктерінде, Жерорта теңізі мен Орта Азия аудандарынан оңтүстік-батыстан жылы ауа массаларының шығарылуымен, жекелеген күндері жылудың қысқа мерзімді толқыны күтіледі. Республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +19+25°С дейін жылынады. Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасының түнде -4-10°С дейін, күндіз -2+3°С дейін, оңтүстік жартысында – түнде -5+5°С дейін, күндіз +7+12°С дейін төмендеуі болжанады. 
Ескертпе: бір айға арналған консультациялық болжам, синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай түзетілуі мүмкін және онкүндік болжамдармен нақтыланатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.