ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Оқиға / Қаза болған кеншілердің суреттері жарияланды

Қаза болған кеншілердің суреттері жарияланды

Оқиға 18.02.2025, 16:44 2,844
Қаза болған кеншілердің суреттері жарияланды
Cурет: Aikyn.kz
Бұдан бұрын марқұмдардың аты-жөні жазылған тізімді жариялағанбыз.

Бұдан бұрын марқұмдардың аты-жөні жазылған тізімді жариялағанбыз.

ҚАРАЛЫ ЖЫР

    «Жомарт» кен орнындағы үйінді астынан  жеті жұмысшының денесі табылды.                                                                            =ақпараттан=
 

«Жомарт» та менің ауылым еді,
Бауырым еді жеті арыс.
Қайғы кеп түрді тағы да іргені,
Қырсықтың болсын бет алыс.

Қобыз да шалған,
Кейде өлең айтқан,
Сарыарқа белі,
саяң нұр.
... Жошы қазасын күйменен айтқан
Кетбұға бабам,
оян бір!

Біледі дейсің өмірі ұқпаған,
Ажалдың мынау кім сырын?
Жеті қат жерде көміліп қалған
Жеті арыс,
Жеті қыршыным!

Ей, Жаңаарқам,
көкті жаңғыртасың ба,
Опаттан оғлан озғасын...
Ұлытауымның тарғыл тасына
Тарамдап аққан көз жасым.

Бір биік болып тұрсың, Едіге,
Шала да жансар бір кездер...
Күңгіріттеу үнмен күрсінеді ме
Күңгір де күңгір күмбездер?!

Тарылтқаның ба,
өрісті күнім,
Шатылмас жерде шатылып.
Сарысу мен Кеңгір көрісті бүгін.
Ақпанның айы аһ ұрып...

Төрге озғандары төңірегімнің,
Күйіс қайырған қодастай...
Жанарын сүртші,
Менің елімнің –
Қайғыдан тұрған көз ашпай!

Ғалым ЖАЙЛЫБАЙ, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,258 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.