AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / «Қауіпсіз болашақ – саналы таңдаудан басталады»

«Қауіпсіз болашақ – саналы таңдаудан басталады»

Заң мен тəртіп 01.09.2026, 15:02 348
«Қауіпсіз болашақ – саналы таңдаудан басталады»
Видеодан кадр

Қауіпсіздік, салауатты өмір салты және өз болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетінің және Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының өкілдері №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясында жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиынға қатысты.

Іс-шара барысында ҚР ІІМ Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитетінің 2-басқармасының бастығы оқушылар алдында сөз сөйлеп, мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады және оларға оқуда табыс, жаңа жетістіктер мен алға қойған мақсаттарына нық қадам басуды тіледі.

Сөз сөйлеу барысында қауіпсіздік, салауатты өмір салты және өз болашағына жауапкершілікпен қарау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Оқушыларға дұрыс таңдау жасаудың, теріс ықпалдарға қарсы тұра білудің және құқыққа қайшы әрекеттерге тартылуға жол бермеудің маңыздылығы түсіндірілді.

Салтанатты жиыннан кейін қызметкерлер оқушылармен еркін форматта кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді және жасөспірімдер үшін өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Мұндай кездесулер профилактикалық маңызды ақпаратты жеткізіп қана қоймай, жастармен сенім мен өзара құрметке негізделген ашық диалог орнатуға мүмкіндік береді.

Әр баланың қауіпсіз әрі лайықты болашақты таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ету – біздің ортақ міндетіміз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);