ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қатар СІМ басшысы ресми сапармен Қазақстанға келді

Қатар СІМ басшысы ресми сапармен Қазақстанға келді

Билік 10.06.2021, 14:38 1,659
Қатар СІМ басшысы ресми сапармен Қазақстанға келді
Сурет: Gov.kz
Сапар мақсаты түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға серпін беруге бағытталған.

Сапар мақсаты түрлі салалардағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыруға серпін беруге бағытталған.


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Қатар Мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі шейх Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Тәнимен келіссөздер жүргізді.


Бұл Қатар сыртқы саяси ведомствосы басшысының Қазақстанға алғашқы келуі деп хабарлады Almaty-akshamy.kz. ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Келіссөздер барысында, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы Қазақстан-Қатар қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен даму перспективалары қаралды. Тараптар халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.


Қазақстан аумағында ауыл шаруашылығы, геологиялық барлау және тау-кен өнеркәсібі, көлік және логистика, сондай-ақ қаржы және банк қызметі саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделілік расталды. Тараптар сондай-ақ екі елдің халықаралық және өңірлік ұйымдар, соның ішінде БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ және т.б. шеңберіндегі өзара іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.


Келіссөздер қорытындысы бойынша Қатар даму қорының (Qatar Development Fund) қаражатына Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген батыр кентінде перинаталдық орталығының құрылысы туралы меморандумға қол қойылды.


Сапар бағдарламасында Қатар Мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады деп күтілуде.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.