AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары: 30-дан а...

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары: 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды

Экономика 30.09.2026, 16:15 161
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары: 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды
Ақорда

Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 2027 жылы 35 жыл толады, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Келіссөздер аясында Қазақстан мен Германия арасында жалпы құны 2 млрд доллардан асатын 30-дан астам коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Мемлекет басшысы келісімдердің тиімді жүзеге асырылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтт

Дипломатиялық қатынастардың маңызы

Президент Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастарға 2027 жылы 35 жыл толатынын айтып, осы кезеңде екіжақты серіктестік сауда, инвестиция және мәдени-гуманитарлық бағыттарда тұрақты дамып келе жатқанын жеткізді.

– Бұл елді жақсы көреміз, құрметтейміз, оның экономика мен өзге де салалардағы жетістіктеріне тәнтіміз. Германия – халықаралық аренада өте беделді мемлекет. Сондықтан мен осы елмен жаңа келісімдерге қол жеткіземіз деген үмітпен келдім. Біраз уағдаластық жасастық. Енді осы келісімдерді тиісті деңгейде жүзеге асыру міндеті тұр. Сондықтан мен келешекке үлкен үміт артамын. Бұдан да мол табысқа жететінімізге толық сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Білім алмасу және ғылыми әлеует

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Фридрих Мерцті келер жылы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Ресми кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның жетекші жоғары оқу орындары мен ғылыми институттарының басшыларымен жүздесті. Президент білім алмасудан бірлескен білім мен ғылыми әлеует қалыптастыруға көшудің маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы бағыттағы серіктестікті дамытудың үш негізгі бағытын ұсынды. Олар – бірлескен білім беру және қос дипломды бағдарламаларды кеңейту, студенттер мен зерттеушілердің ортақ жобаларына жол ашу, сондай-ақ академиялық байланысты нығайтуға бағытталған арнайы білім алмасу бағдарламасын іске қосу.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Германия #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11

Сәрсенбі күнгі ауа райы мәліметі

Бүгін 09:05

Президент тапсырмасына сәйкес автожол саласын реформалау жөніндегі үкіметтік жұмыс тобы құрылды

Бүгін 08:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);