AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты

Саясат 22.02.2022, 15:10 1,761
Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысына қатысты
Сурет: Akorda.kz

Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысы бейнебайланыс режимінде өтті.


Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі трансұлттық және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми ресурсына сілтеме жасап.


Кездесуге қатысушылар адами капиталды күшейтуге, экономика мен инвестициялық саясатқа экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқарудың стандарттарын енгізуге баса мән бере отырып, еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.


Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына назар аудара отырып, дер кезінде қабылданған батыл шешімдердің арқасында еліміздегі жағдайдың толық тұрақтанғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қағидаттарға толық сай келетін тергеп-тексеру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді.


Сондай-ақ Президент қаңтар оқиғасы инвесторларға белгілі бір деңгейде жайсыздық туғызғанын айтты.



«Ел Президенті ретінде шетелдік инвесторлар үшін «ашық есік» саясаты біздің стратегиялық басымдығымыз болып қала беретінін айтқым келеді. Мемлекет серіктестер мен инвесторлар алдындағы міндеттемелері мен кепілдіктерін толық орындайды. Қаңтар дағдарысы нарықтық экономикаға, заң үстемдігіне, халықаралық және ішкі міндеттемелерді сақтауға деген бейілдігімізге еш әсер еткен жоқ. Керісінше, бұл одан әрі жетілдіруге тың серпін берді», – деді Президент.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Тоқаев #инвестор #шетел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);