ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ин...

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрін қабылдады

Билік 28.09.2021, 05:46 1,054
Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрін қабылдады
akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид әл-Фалихті қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Инвестиция министрі Халид әл-Фалихті қабылдады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz




Кездесу барысында сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту және инвестиция тарту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Халид әл-Фалихтің сапары Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман әл-Саудимен телефон арқылы болған мазмұнды әңгімелесудің жалғасы екенін атап өтті.


Мемлекет басшысы Қазақстанға 30 жылдан бері көрсетіп келе жатқан қолдауы үшін Сауд Арабиясына ризашылығын білдірді.



– Елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және оның мәнін тереңдете түсу үшін көптеген мүмкіндік бар екеніне сенімдіміз. Осы орайда, Тақ мұрагерімен телефон арқылы әңгімелесу кезінде болашақта қолға алынатын бірқатар жобаны талқыладық. Өзара іс-қимылдарымыз тереңдей түседі. Елімізге жасаған сапарыңызға ризашылығымызды білдіреміз. Сіздің қолдауыңызбен және менің Әкімшілігімнің жұмыс жүргізуімен екіжақты байланыстарымызды шынайы ілгерілетеміз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті. 



Өз кезегінде Халид әл-Фалих Қасым-Жомарт Тоқаевқа қабылдағаны үшін алғыс білдіріп, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл-Саудтың және Корольдіктің Тақ мұрагерінің сәлемдерін жеткізді.



– Олар Қазақстанға одан әрі өркендеу мен игілік жолында қолдау көрсетуді жалғастыра беретіндерін нақтылады. Қазақстанның жүргізіп отырған реформалары мен Орталық Азиядағы көшбасшылығын, сонымен қатар 30 жыл бұрын таңдаған бірегей жолын жоғары бағалайды. Осы уақыт аралығында Қазақстанның Тұңғыш Президенті негізін қалаған сындарлы саясат өзіңіздің парасатты басшылығыңызбен жалғасып келеді, – деп атап өтті Сауд Арабиясының министрі.




Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.