ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министр...

Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады

Саясат 02.04.2025, 13:33 507
Қасым-Жомарт Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевты қабылдады
Сурет: Akorda.kz
Мемлекет басшысына министрліктің былтырғы атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Мемлекет басшысына министрліктің былтырғы атқарған қызметінің қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары баяндалды.

Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, өткен жылы өнеркәсіп саласында негізгі капиталға салынған инвестициялар мен өңделген өнімдер экспорты ең жоғары өсім көрсетті. Биыл осы үрдісті сақтап, өндіріс көлемін арттыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Президентке геология және цифрландыру бағыттарындағы жұмыстар жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Қала құрылысы жобалары цифрлы жүйеге көшірілді. Ауылдарда бірыңғай коммуналдық төлем жобасын енгізу жоспарланып отыр. Жасанды интеллект көмегімен геологиялық білім қорын жасақтау қолға алынды.

Кездесу соңында Президент министрге орташа және терең өңделген өнім көлемін ұлғайту, биыл отандық тауар өндірушілердің бірыңғай реестрін құру, инвестор тарту жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жоспарланған тұрғын үйлерді пайдалануға беру, халықты ауызсумен барынша қамтамасыз ету, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы үдерістерді цифрландыру жұмыстарын белсенді жүргізу маңызды екенін атап өтті. Бұдан бөлек, ведомство басшысына өңдеу өнеркәсібі нысандарын уақтылы іске қосу тапсырылды. Сондай-ақ жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды мерзімінде әрі сапалы аяқтау міндеті жүктелді.

Қасым-Жомарт Тоқаев отандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын қатаң бақылауға алу қажеттігін айрықша атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.