AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді марапаттады

Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді марапаттады

Билік 25.06.2021, 08:58 1,752 Almaty-akshamy.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерді марапаттады
Сурет:Gov.kz.

Қазақстан  Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына сыйлықтар берді


Қазақстан Республикасы Президенті бұқаралық ақпарат құралдарына сыйлықтар берді, деп хабарлады Almaty-akshamy.kz ның жариялаған хабарына сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы


2021 жылғы 25 маусым



  1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:


 


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары:


Захарчук Вера Николаевнаға – «Хабар 24» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісіне отандық тележурналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін;


Исабаева Сәуле Борисқызына – «Qmonitor.kz» желілік басылымының шолушысына интернет кеңістігінде ақпарат тарату ісін дамытуға қосқан үлесі үшін;


Құтпанбаев Бақыт Жағыпарұлына – «Қазақ» және «Шалқар» радиоларының Алматы студиясының жетекшісіне Қазақстанның өңірлік саясатын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін;


Ойшыбаева Жаннат Бақтығұлқызына – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының БАҚ-пен жұмыс департаментінің бас менеджеріне Қазақстан дамуының өзекті мәселелерін қамтыған ақпараттық-талдамалық қызметі үшін берілсін;


 


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары:


Байғараев Нұрмұхамед Исманұлына – «AIQYN» республикалық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторына баспа бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;


Нұрақын Диас Ермекұлына – «КТК» телеарнасының ақпараттық бағдарламалар дирекциясы орталық редакциясының редакторына Қазақстан телевизиясын дамытуға қосқан үлесі үшін;


Толықбаев Мақсат Мәлікұлына – «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы «Ашық алаң» қоғамдық-саяси ток-шоуының жүргізушісіне Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін белсенді түрде жан-жақты түсіндіріп, жариялап-көрсеткені үшін;


Хасанов Серікбол Тілепбергенұлына – «Мұнара» газетінің бас редакторына Қазақстан журналистикасын және ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін тапсырылсын;


 


Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы:


«Ақиқат» ұлттық қоғамдық-саяси журналының шығармашылық ұжымына – еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;


«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына – қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардың дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуге қосқан зор үлесі үшін;


«Қазақ радиолары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына – ұлттық радио саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін;


«Сарыарқа» телеарнасының шығармашылық ұжымына – өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін жариялансын.



  1. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #президент #сыйлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);