AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты қабылдады

Әлеумет 28.03.2025, 16:35 685 Nursok82
Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты қабылдады
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты қабылдады. Мемлекет басшысына Алматы қаласының әкімі атқарылған жұмыстары мен жоспарлары жайында баяндады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласы әкімі биылғы қаңтар-ақпан айларындағы қысқа мерзімді экономикалық индикатор 7 пайызға дейін артқан, жыл қорытындысы бойынша өңірлік жалпы өнім 6,4 пайызға өседі деп болжанып отырғаны жайында баяндады. 

Сонымен қатар, жыл соңына дейін құны 450 миллиард теңгеден астам қаражатқа 33 жаңа инвестициялық жоба іске асырылатынын айтты. Биыл жалпы инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артады. Аулалар, көше-жол желілері мен жасыл аймақтарды кешенді түрде күтіп, баптау үшін үш жылдық келісімшарт тәсілі енгізілді. Президент бұған дейін шаһардың экологиялық жағдайын жақсарту, жыл соңына дейін қаладағы қоғамдық көліктерді экологиялық талапқа толық сай ету, сондай-ақ Алматының көлік құрылымын қалыптастыру бойынша тапсырма берген болатын. Кездесуде осы жұмыстардың нәтижелері баяндалды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевқа экология мәселесіне ден қойып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту, жыл соңына дейін сапалы сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету міндетін жүктеді. Сондай-ақ Алматының орнықты дамуына қатысты берген тапсырмаларын мұқият орындау қажет екенін айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Досаев #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);