AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Хабарлама / Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қабылдады

Хабарлама 23.11.2021, 15:09 1,280
Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминді қабылдады
Сурет: Akorda.kz

Премьер-Министр Мемлекет басшысына Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басым бағыттарын іске асыру барысы жөнінде баяндады.


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар, инвестиция тарту және өзге де әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде есеп берілді. 



Премьер-Министр эпидемиологиялық ахуалдың тұрақталғанын және COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткішінің төмендегенін атап өтті. Оның айтуынша, соңғы айда коронавирус жұқтырғандар саны 2,4 есеге, стационарларда ем алып жатқандар 1,4 есеге, амбулаториялық жағдайда емделушілер 1,8 есеге азайған.



Халыққа вакцина салу жөніндегі жоспарлы жұмыстар жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 8,7 миллионға жуық адам екпе алған. 22 қарашадан бастап бүкіл өңірде қайта вакциналау жұмыстары басталды.


Президентке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және Инфляцияға қарсы шаралар кешенін жүзеге асыру жұмыстары туралы мәлімет берілді.


Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығының басым бағыттарын іске асыру барысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, өзара тиімді кооперациялық жобаларды дамыту, сауда-саттық саласындағы кедергілерді жою, көлік-логистикалық ынтымақтастықты нығайту, цифрлық технологияны енгізу, сауда-экономикалық ықпалдастықты кеңейту жөніндегі бірлескен жұмыстар жанданды. 



Үкімет басшысының мәліметіне сәйкес, қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың ішкі нарығындағы кедергілердің 80 пайызы жойылған. Одаққа мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымы биылғы 9 айда 32,5 пайызға артып, 52 миллиард долларға жетті. Ал үшінші елдермен арадағы сауда 32,7 пайызға ұлғайып, 596 миллиард долларды құрады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тоқаев #Мамин #президент #премьер #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);