ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фу...

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды

Әлеумет 22.08.2021, 14:24 1,292
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды
https: Akorda.kz
Мемлекет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. 


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысындағы «Маревен Фуд Тянь-Шань» кәсіпорнына барды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


Мемлекет басшысына кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы мәлімет берілді. Компания басшылығының мәліметіне сәйкес 4,5 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 30 миллиард теңге инвестиция салынған. Компания Жапония, Швейцария және Германиядан әкелінген инновациялық құрылғылармен тез дайындалатын азық-түлік өнімдерін  шығарады. Жылына 85 мың тонна өнім шығаруға мүмкіндігі бар.


Қазіргі уақытта кәсіпорын 500 миллион қаптама шығарса, соның 70 пайызы экспортталады.
«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС 670 адамды жұмыспен қамтып отыр. Оның 95 пайызы жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.
Облыс әкімінің айтуынша, аймақ экономикасына 312 миллиард теңге инвестиция тартылып, 40 мың жұмыс орны ашылған. Биыл өңірде жалпы құны 112 миллиард теңге болатын 65 жоба іске асырылып жатыр.
Амандық Баталов Президенттің былтырғы Германияға жасаған сапарының нәтижесінде «Бауманн» компаниясы ұсақ мал етін өңдейтін қуаты 30 мың тонналық «Жетісу қой» жобасын қолға алғанын хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев облыста атқарылып жатқан инвестициялық жобаларға оң баға беріп, басталған жұмыстарды уақтылы аяқтауға тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.