ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қасым хан туралы фильм прокатқа шықты

Қасым хан туралы фильм прокатқа шықты

Не? Қайда? Қашан? 12.05.2022, 07:06 2,151
Қасым хан туралы фильм прокатқа шықты
Сурет: Inform.kz
Қазақстандықтар 12 мамырдан бастап режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи драмасын кинотеатрлардан көре алады.

Қазақстандықтар 12 мамырдан бастап режиссер Ақан Сатаевтың «Ұлы дала таңы» тарихи драмасын кинотеатрлардан көре алады.


Тарихи кинотуынды Қазақ хандығында Жәнібек ханның ұлы – Қасым хан билік еткен кездері туралы баяндайды. Дәл осы жылдары Қазақ хандығы өркендеп қана қоймай, Шығыс Дешті-Қыпшақтың кең аумағына бақылау орнатылып, қазақтар дербес этникалық қауымдастық ретінде біздің аумақтан тыс жерлерге де белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Қасым хан әдет-ғұрыптық заңдарға арқа сүйеп, тарихқа «Қасым ханның қасқа жолы» деген атпен енген өзі дайындаған конституциялық құжаттың көмегімен ел басқарды. Тарихи кинотуындының сценарийін белгілі кинодраматург Бекболат Шекеров, Назира Бақаева және Ақан Сатаев жазды.


Қасым ханның жас кезін Данияр Оразаев ойнайды, Ересек Қасым хан – Берік Айтжанов, Жас Бұрындық хан – Айдос Абдықадыров, Ересек Бұрындық хан – Ерік Жолжақсынов. Мұхаммед Шайбани – Нұрлан Әлімжанов. Жаһан бегімнің жас кезін Алтынай Нөгербек, Егде Жаһан бегімді Шәмшагүл Мендиярова ойнайды. Әли Рашидтің жас кезін – Қуаныш Құдайберген, Ересек Әли Рашидті – Тұңғышбай Жаманқұлов сомдайды.



«Тарихи фильмді түсіруге 2500 адам тартылды. Олардың әрқайсысы өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарады. Біздің кеңесші-тарихшыларымыздың айтуынша, бұл ғылыми жұмысқа ұқсас болған. Барлық тарихи мәліметтер, фактілер экранда көрсетіледі. 14 ғасыр біздің халқымыздың іргелі кезеңі екені белгілі», - деді Ақан Сатаев.



Фильмнің түсіру жұмыстары 2021 жылы ақпан айының соңында Алматы облысы Панфилов ауданында басталған болатын. Наурыздың ортасында түсірілімдер «Қазақфильм» киностудиясының павильондарында тұрғызылған «Сығанақ қаласы», «Бұрындық ханның тақ залы» және «Самарқанд – Шайбанның ауласы» декорацияларында жүргізілді.


Жаз айларында Қапшағай қаласының маңында күрделі сахналардың бірі – Ұлытаудағы шайқас түсірілді. Бұл сахнаға Nomad Stunts каскадерлер тобы арнайы тартылды. Фильмнің трюктерін Жайдарбек Күнғожинов, Есболат Әбдіберік және Әділет Ақматов орындады.


Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.