Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қастеев музейінде «Дәстүр - халық рухы. Дала қазын...

Қастеев музейінде «Дәстүр - халық рухы. Дала қазынасы» атты көрме ашылды

Әлеумет 15.07.2024, 17:28 842
Қастеев музейінде «Дәстүр - халық рухы. Дала қазынасы» атты көрме ашылды
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Алматыда Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Дәстүр -халық рухы. Дала қазынасы» атты көрмесі ашылды, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Экспозицияда музей қорындағы Қазақстанның дәстүрлі және қазіргі заманның сәндік-қолданбалы өнерінің 60-тан астам туындысы ұсынылған.

Көрмеге келушілер қазақтың халық қолөнершілері мен әр ұрпаққа жататын сәндік-қолданбалы өнердегі кәсіби суретшілердің жұмыстарымен таныса алады. Олардың ішінде киіз, тоқылған және кестеленген кілемдер, гобелендер, ат-әбзелдері, ағаш, тері, металл шеберлерінің туындылары бар.

Көрменің тағы бір тұтас бөлімі қабырғаға кестеленген түскиіздерге арналған. Киіз үйдің сәндік безендірілуінде төрден құрметті орын алып, отбасылық бақыт пен амандықты бейнелейді. Қазіргі сәндік-қолданбалы өнердің ең кең таралған түрі гобелендерге де арналған жеке экспозиция бар.

Аталмыш көрме қазіргі заманғы мәдениет тұрғысынан халық өнерін сақтау мен зерделеудің маңызын көрсетеді. Іс-шара 2024 жылдың 30 тамызына дейін жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #Қастеев музейі #жәдігерлер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.