AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қастеев музейі Ассамблея құрметіне көрме ашты

Қастеев музейі Ассамблея құрметіне көрме ашты

Не? Қайда? Қашан? 11.03.2025, 17:08 845 Нұржамал ӘЛІШЕВА
Қастеев музейі Ассамблея құрметіне көрме ашты
ҚР Мемлекеттік өнер музейі

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай өз қорынан «XX-XXI ғасырлар өнері» экспозициясын ұсынып отыр. 

Көрмеде Т.Ялонская (Украина), И.Клычев (Түрікменстан), Н.Никогосян (Армения), Ю.Гусейнов (Әзірбайжан), В.Калнрозе (Латвия), В.Бурмакин (Өзбекстан) сынды өзге де танымал суретшілердің картиналары бар.

Өнер тілі айқын және мәнерлі, бәріне түсінікті және аударманы қажет етпейді. Сондықтан бұл өзара түсіністікке, бірлікке жол ашатын, бір-бірін жақсы білуге, басқа адамдардың, халықтар мен мәдениеттердің көзқарасын, жан дүниесін түсінуге көмектесетін қолжетімді құрал десек те қателеспейміз. 

Иә, өнер бәрімізге ортақ және ол бізге тілсіз-ақ маңызды дүниелер туралы айтады: махаббат пен сұлулық, бақыт пен қайғы, парыз бен ар-намыс, адалдық пен достық. Ұлттық мектептер дәстүрінде жұмыс істейтін авторлар кейіпкерлерінің әлемін ұлттық бастамалар арқылы ашуды көздейді.

– Суретшілер өздеріне жақын тәжірибені шартты эстетикалық кеңістікке, интеллектуалды-поэтикалық көзқарас арқылы жеткізеді. Әр шебердің өзіндік стилі мен шығармашылық тәсілі, кескіндеме техникасы мен жанрлық қалауы бар. Экспозицияда, мәселен, Армениядан келген бүлікші ақынның экспрессивті эмоционалды портреті, жемістері бар дәстүрлі шығыс тағамдары, күнде қолданыстағы тұрмыстық заттар, таңертеңгі күн сәулесіндегі шырынды-жасыл бақтар, Латвия ауылы, суаттағы бейне, кілем тоқып отырған халық қолөнершілері, таңсәріде балық аулауға шыққан балықшылар бейненлеген шығармалар бір-бірімен өзара үйлесім тапқан. Өнер де халықты бір-бірімен жақындастыраді,  – дейді Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің «Шетел өнері» бөлімінің жетекшісі Виолетта Вологодская.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Әбілхан Қастеев #музей #Көрме #Ассамблея
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22

Халықаралық рейтингте Қазақстан биыл көшуге ең қолайлы ТМД елі деп танылды

Бүгін 08:58

10 маусымда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:35

Алматының Орталық саябағы бес күн бойы жас таланттар өнерінің мерекесіне айналды

Кеше 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);