AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолда...

«Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасы

Білім және ғылым Бүгін 15:40 54 yakiya
«Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасы
inbusiness.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев университеттік ғылымды дамыту мен ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртуды еліміздің экономикалық және әлеуметтік өркендеуінің маңызды алғышарттарының бірі ретінде үнемі атап келеді.

Осы тапсырма аясында 2024 жылғы наурыз айында Қытай ғылым академиясының Экология және география институтымен ынтымақтастық негізінде құрылған «Қашықтан зондтау технологиялары және оларды қолдану» Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасы өз жұмысын бастады.

Зертхананың қызметі Орталық Азиядағы климаттық және экологиялық өзгерістерді кешенді зерттеуге бағытталған. Атап айтқанда, өңір үшін аса өзекті мәселелер – құрғақшылық, жердің деградациясы, су ресурстарының тапшылығы және Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі сияқты экологиялық сын-қатерлерге ғылыми тұрғыдан баға беріліп, олардың даму үрдістері зерделенуде.

Қытай ғылым академиясының Экология және география институтымен бірлесіп құрылған ғылыми орталықта қашықтан зондтау технологияларына негізделген спутниктік және геокеңістіктік талдаудың заманауи әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер климат өзгерісінің қоршаған ортаға әсерін бағалауға, табиғи ресурстардың жай-күйін бақылауға және экологиялық қауіптердің алдын алуға мүмкіндік береді. Қазақстан–Қытай бірлескен зертханасы Орталық Азиядағы климаттық өзгерістердің салдарынан туындаған су тапшылығы, құрғақшылық және жер ресурстарының тозуы сияқты өзекті мәселелерге тұрақты мониторинг жүргізеді. Қашықтан зондтау технологияларының көмегімен табиғи қауіптердің алдын ала болжамын жасап, өңірдің экологиялық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті ғылыми негіз қалыптастырылады.

Сонымен қатар, бұл бастама Қазақстан, Қытай және Орталық Азия елдері үшін табиғи ресурстарды зерттеу саласындағы халықаралық жоғары технологиялық платформаны дамытуға жол ашады.

Жаңа зертхананың басты ерекшелігі – спутниктік түсірілімдерден алынған мәліметтерді жерүсті бақылауларының нәтижелерімен және ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жиналған деректермен біріктіретін көпдеңгейлі талдау жүйесін қолдануында. Мұндай көпплатформалы тәсіл табиғи үдерістердің кеңістіктік және уақыттық динамикасын терең зерделеуге, сондай-ақ өңірдегі экологиялық ахуалға әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.

Бүгінде зертхана ғалымдары табиғи және климаттық өзгерістердің ықтимал салдарын болжауға бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізуде. Зерттеу нәтижелері табиғатты ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау салаларында стратегиялық шешімдер қабылдаудың ғылыми негізіне айналмақ.

Бүгінде Қазақстан жүйелі әрі кешенді шешімдерді талап ететін күрделі экологиялық және экономикалық сын-қатерлерге тап болып отыр. Экономиканың барлық саласына әсер ететін негізгі факторлардың бірі – жаһандық климаттың өзгеруі. Сарапшылардың болжамынша, 2050 жылға қарай вегетациялық кезеңнің басталу мерзімі кемінде 10 күнге ығысып, құрғақшылық пен көктемгі үсіктердің жиілігі артады. Бұл үдерістер аграрлық сектордың дамуына елеулі ықпал етіп, ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлеміне әсер етеді және су ресурстарын тиімді әрі ұтымды пайдалануды талап етеді.

Сонымен қатар, атмосфералық ауаның сапасын жақсарту және ластанған топырақтарды қалпына келтіру мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. Әсіресе, мұнай өндіру қарқынды жүргізілетін өңірлерде экологиялық мониторингті күшейтудің маңызы зор. Осы тұрғыда зертханада дамытылып жатқан қашықтан зондтау технологиялары ауыл шаруашылығы алқаптары мен табиғи ландшафттардың жай-күйін жедел әрі дәл бағалауға мүмкіндік береді. Бұл қабылданатын шешімдердің тиімділігін арттырып, табиғи ресурстарды басқарудың ғылыми негізін нығайтады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жинақталған ғылыми тәжірибе зертхананың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Қазақстанның аридті аумақтарындағы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы» жобасында өз жалғасын тапты. Аталған жоба су үнемдеу және аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған заманауи технологиялардың кең ауқымын қамтиды. Олардың қатарында тамшылатып суару жүйелері, Groasis Waterboxx құрылғылары, «ақылды» жылыжайлар, сондай-ақ жерасты су қорларын басқарылатын толықтыру әдістері бар.

Бұдан бөлек, жоба аясында ылғал сақтайтын арнайы қоспаларды қолдану және топырақтың күйін, ылғалдылық пен температура көрсеткіштерін автоматты түрде бақылайтын жүйелерді енгізу көзделген. ҚазҰУ-дың физика-техникалық, химия химиялық технологиялар және биология және табиғатты пайдалану факультеттерінің ғалымдары су шығынын оңтайландырып, тұрақты микроклиматты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сымсыз мониторинг модульдерімен жабдықталған энергия үнемдейтін жылыжайларды сәтті сынақтан өткізді.

Аталған технологиялар ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақтылығын арттыруға, ресурстарды тиімді пайдалануға және климаттық өзгерістер жағдайында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған инновациялық шешімдердің тиімділігін айқын көрсетеді.

ҚазҰУ базасында сынақтан өткен «Plant Factory» («өсімдіктер фабрикасы») қағидатына негізделген энергия үнемдейтін жылыжай ерекше назар аударуға лайық. Бұл технология топырақсыз ортада, яғни қоректік ерітінділерді пайдалану арқылы көкөніс, жидек және өзге де ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл өнімділікті арттырып қана қоймай, су және жер ресурстарын ұтымды пайдалануға жол ашады.

Жүргізілген зерттеулер мен енгізілген технологиялардың нәтижесінде «Қазақстанның аридті аумақтарындағы ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы» жобасы өзінің жоғары тиімділігін көрсетіп отыр. Атап айтқанда, суды тұтыну көлемі орта есеппен 30 пайызға қысқарып, еңбек өнімділігі 15–20 пайызға дейін артады.

Сонымен бірге, аталған бастаманы одан әрі дамыту және кең ауқымда енгізу мемлекеттік деңгейдегі жан-жақты қолдауды қажет етеді. Осы мақсатта салалық министрліктердің, жергілікті атқарушы органдардың, ғылыми ұйымдар мен бизнес қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру маңызды. Сондай-ақ пилоттық жобаларды іске асыруға қолайлы өңірлерді айқындап, олардың тұрақты қаржылық негізін қалыптастыру қажет.

Бұдан бөлек, ғалымдардан, инженерлерден, агрономдардан және экономистерден құралған пәнаралық жұмыс тобын құру өзекті мәселе болып табылады. Осындай кешенді тәсіл қысқа мерзім ішінде отандық ауыл шаруашылығын сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Бұл өз кезегінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып қана қоймай, ғылым мен инновацияны тұрақты дамудың негізгі тетігі ретінде тиімді пайдаланып отырған мемлекет ретіндегі Қазақстанның халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ зертхананың ғылыми әлеуеті мен жинақталған тәжірибесіне сүйене отырып, Қазақстанның аридті өңірлерінде пилоттық алаңдарды іске қосу және оларды кезең-кезеңімен кеңейту бойынша нақты іс-қимыл жоспарын ұсынуға дайын.

Мемлекет, ғылым және бизнес өкілдерінің күш-жігерін біріктіру арқылы қазіргі экологиялық сын-қатерлерге тиімді жауап беріп қана қоймай, еліміздің ұзақ мерзімді орнықты дамуына берік негіз қалау мүмкіндігі арта түседі.

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ғылым
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ми институты ашылды

Бүгін 16:09

Farabi Hub инновациялық өнімдер мен жоғары технологиялық жобалар орталығы

Бүгін 16:05

«Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы

Бүгін 15:53

Суперкомпьютер орталығы

Бүгін 15:49

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың базасында «Цифрлық технологиялар және робототехника» халықаралық институты мен робототехника орталығы ашылды.

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);