ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қашықтан алатын сауап: онлайн құрбан шалу жайлы не...

Қашықтан алатын сауап: онлайн құрбан шалу жайлы нені білуіміз керек?

Мұны білген жөн 05.06.2025, 09:00 680
Қашықтан алатын сауап: онлайн құрбан шалу жайлы нені білуіміз керек?
Сурет: ЖИ
Қазақстанда 6 - маусым Қасиетті Құрбан айт күні болып бекітілді. Бұл күн барша мұсылмандар жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, мұқтаж жандарға үлестіреді. Қазақстан мұсылмандары діни...

Қазақстанда 6 маусым - Құрбан айт күні болып бекітілді. Бұл күні барша мұсылман жаратушының разылығы үшін құрбан шалып, мұқтаж жандарға үлестіреді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалу мүмкіндігін биыл да ұсынып отыр. Қасиетті күн алдында нені білу керек? Аqshamnews.kz материалынан біліңіз. 

Онлайн құрбан шалудың шариғаттағы үкімі қандай?

Қазақстанда биыл да Құрбан айт кезінде құрбан шалуға онлайн тапсырыс беру мүмкіндігі бар. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

"Биыл да елімізде Құрбан шалу онлайн және оффлайн форматта өтеді. Діни басқарма халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban.muftyat.kz сайтын іске қосты. Дінімізде құрбандық шалу рәсімін басқа біреуге тапсырып, оны өкіл ете алады. Егер өзі бара алмаса, бір кісіге өтініш жасап, құрбан шалуға рұқсат етілген. Демек, онлайн форматта құрбан шалуға тапсырыс бере аласыздар", – деді Бас мүфти.

Қазақстанда онлайн құрбан шалу тәжірибесі COVID-19 пандемиясы кезінде енгізілді. 2020 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) qurban2020.kz сайтын іске қосып, мұсылман қауымына қашықтан құрбан шалуға мүмкіндік берді. Бұл жоба Түркия, Малайзия, Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері сияқты мұсылман елдерінің тәжірибесіне сүйеніп жүзеге асырылды .

Қалай тапсырыс беруге болады?

Онлайн құрбан шалу үшін азаматтарға арнайы qurban.muftyat.kz сайты ашылған. Сайттан қаражатыңызға қарай ұсақ немесе ірі қара мал таңдап, банк арқылы төлем жасасаңыз жеткілікті. Қой мен ешкі — жеке адамға, ал сиыр мен түйені — бір адам немесе жеті адамның бірігуімен шалуға рұқсат.

Тапсырыс сәтті рәсімделген соң тапсырыс берушіге SMS хабарлама жіберіледі. Құрбан шалынған соң фото және бейнеесеп ұялы телефон нөміріне жолданады. Құрбандық еті түгелдей мұқтаж жандарға жеткізіледі.

Былтыр 1800 онлайн құрбандық тапсырысы тіркелген

2024 жылы Құрбан айттың алғашқы күні Қазақстан бойынша 20 мыңнан астам мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде:

  • қой – 17 000

  • ешкі – 1600

  • ірі қара – 1300

  • түйе – 5

Бұл құрбандықтардың 10 пайызы онлайн түрде, яғни шамамен 1800 тапсырыс қашықтан жүзеге асты. ҚМДБ-ның мәліметінше, былтырғы құрбандық еті 62 мың отбасыға және 136 мекемеге үлестірілген.

"Мен 10 жылдан бері Алматыда тұрамын. Жыл сайын құрбандық шалатын кезде ауылымызға барып, мал таңдап, оны сойып, үлестіретінбіз. Пандемия кезінде бұл мүмкіндіктен қағылдық. Сол жылы мүфтият онлайн құрбан шалу мүмкіндігін ұсынды. Сол уақыттан бері осылай жыл сайын онлайн құрбан шалуды пайдаланып келеміз. Шариғат рұқсат беріп тұрғандықтан бұл қарастырылған мүмкіндік өте қолайлы дер едім. Әсіресе біз секілді жұмысбасты, қаланың адамдарына өте ыңғайлы" дейді Алматы тұрғыны Аружан Устемирова. 

Биыл мал бағасы қаншадан болып жатыр?

Биыл мал бағасы былтырғымен салыстырғанда 5-10 мың теңге қымбаттаған. Мәселен Мaltabu.kz сайтында сатылып жатқан мал бағалары әзірге мынадай:

  • қой — 60 000 – 90 000 теңге

  • сиыр — 420 000 – 700 000 теңге

  • түйе — 750 000-нан жоғары

Құрбандыққа мал іздеген жандар үшін сайтта нақты өңірлік бағалар мен опциялар көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.