Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарулы Күштердегі заңдылық пен тәртіп мәселесі қар...

Қарулы Күштердегі заңдылық пен тәртіп мәселесі қаралды

Әлеумет 10.03.2023, 23:00 876
Қарулы Күштердегі заңдылық пен тәртіп мәселесі қаралды
Сурет: Министрлік

Ұлдың қызметі ана көзімен


Астанада Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен кеңейтілген кеңес өтті. Онда оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша заңдылық, құқықтық тәртіптің және тәрбие жұмысының жай-күйіне қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Кеңеске құрылымдық бөлімшелердің басшылары, Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтардың қолбасшылары, олардың тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарлары, бас сержант қатысты.


Қорғаныс министріне «Өміріңді сақта» бағдарламасын іске асырудың аралық нәтижелері, құқықтық тәртіптің жай-күйі, тәрбие және идеологиялық жұмыс органдарының қызметін жетілдіру, жеке құрам арасындағы жарғыдан тыс қатынастардың алдын алу туралы баяндалды.


Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов өз сөзінде жергілікті жерлерде «Өміріңді сақта» ведомствоаралық бағдарламасының іске асырылуының сапасына назар аударды. Атап айтқанда, командирлердің сарбаздардың аналар комитетінің өкілдерімен тығыз қарым-қатынасын және мерзімді борышын өтеп жүрген әскери қызметшілердің ата-аналары көтерген мәселелерге мұқият қарауды талап ететін «Ұлдың қызметі ана көзімен» жобасы туралы болды.


Генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов құқықбұзушылықтың алдын алудың пәрменді құралы бейнебақылау жүйелері екенін атап өтті. Осыған байланысты ол әскери бөлімдер мен бөлімшелерді жарақтандыру бойынша бірыңғай стандартты, техникалық талаптар мен құқықтық регламенттеуді енгізуді жеделдетуді ұсынды.


Жиында сонымен қатар, Әскери полиция бас басқармасының және Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастықтары полковник Руслан Құлымбетов пен әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев, Құрлық әскерлері бас қолбасшысының міндетін уақытша атқарушы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров баяндама жасады.


Кеңейтілген кеңестің қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов құқықтық тәртіп пен әскери тәртіпті нығайтуға бағытталған бірқатар тапсырмалар берді.


Ең алдымен, ол кадрларды сапалы іріктеу және орналастыру, шалғайдағы әскери бөлімдердегі әскери қызметшілердің тұрмысын ұйымдастыру және әлеуметтік қамтамасыз ету қажеттілігіне назар аударды. Министрдің нұсқауы бойынша 2023 оқу жылының бірінші тоқсанының қорытындысына қарай құқық бұзушылықтардың өсуіне жол берілген әскери бөлімдер командирлерінің атқаратын лауазымдарына сәйкестігі туралы мәселе де қаралатын болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #құқық #Тәріп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.