AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік жүргізу құқығ...

Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылады

Әлеумет 28.11.2024, 10:55 902 Nursok82
Қарсы жолаққа шыққан жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылады
ЖИ көмегімен салынды

Қарсы қозғалыс жолағына шығу – жол жүру ережелерін өрескел бұзудың ең қауіпті түрлерінің бірі. Мұндай маневр басқа жүргізушілер мен жолаушылардың өміріне үлкен қатер төндіреді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Өкінішке орай, қарсы жолаққа шығудан болатын жол-көлік оқиғалары жиі қайғылы жағдайлармен аяқталады: адамдар жарақаттанып, кейде өмірден де айырылады. Қолданыстағы заңнамада мұндай тәртіп бұзушылық үшін ауыр жаза қарастырылған – жүргізуші 6 ай мерзімге көлік басқару құқығынан айырылады. Алайда бұл да кейбір жауапсыз жүргізушілерді тоқтата алмай келеді. Мәселен, биылғы жылдың өзінде ғана 236 жүргізуші қарсы жолаққа шыққаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

– Мысал ретінде, Павлодар қаласындағы Торайғыров көшесінде төрт жолағы бар екі жақты қозғалыс жолында Toyota автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа шығып, жол сақшыларының назарына ілікті. Кінәлі тұлғаға қатысты іс сотқа жолданып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды, – деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ полиция қызметкерлері біржақты қозғалысы бар көшелерде белгіленген жол белгілері мен сызықтарын елемеу де жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әр жүргізушінің міндеті. Әсіресе, балалар мен оқу орындарының маңында, жаяу жүргіншілер өткелдері мен қоғамдық көлік аялдамаларының жанында мұқият болу қажеттігін полиция қызметкерлері тағы да еске салады.

Жолда жүру ережелерін сақтай отырып, біз өзіміздің және өзгелердің өмірін қорғаймыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көлік #Жүргізуші #құқық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қоғамның тұрақты дамуы отбасының беріктігіне байланысты

Бүгін 17:34

Алматыда ауа сапасын бақылау жүйесі кеңейтіледі

Бүгін 17:27

Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару тарифі өзгертіліп, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға жеңілдіктер енгізіледі

Бүгін 17:25

Қазақстандық оқушылар Ташкенттегі олимпиадада үздік атанды

Бүгін 17:16

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);