Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарашүңгіл жерінен табылған «қара алтын» еліміздің...

Қарашүңгіл жерінен табылған «қара алтын» еліміздің брендіне айналды - Смайылов

Әлеумет 02.09.2022, 16:00 1,064
Қарашүңгіл жерінен табылған «қара алтын» еліміздің брендіне айналды - Смайылов
Сурет: Baq.kz

Мұнайшылардың еңбегі 


Атырауға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Ембімұнайгаз» АҚ компаниясының құрылғанына 100 жыл толуына орайластырылған салтанатты жиынға қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Премьер-Министр өз сөзінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ секторын экономиканың басым бағыттарының бірі ретінде дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның дамуында саланың және отандық мұнайшылардың еңбегі зор екенін ұдайы ерекше атап өтетінін айтты. 
Әлихан Смайыловтың сөзінше, қазақ мұнайының бастауында тұрған кәсіпорынның 100 жылдық мерейтойы – бұл айтулы мереке, өйткені Қарашүңгіл жерінен табылған «қара алтын» еліміздің брендіне айналды. Мәселен, 1899 жыл Қазақстан тарихына Жылыой ауданында мұнай көзі табылған жыл ретінде енді. 1922 жылы трест болып құрылған «Ембімұнайгаз» – бүгін өз бағытын нақты айқындаған, аяғына нық тұрған қуатты кәсіпорын. 



«Ембілік геологтар еліміздің Батыс аймағындағы ірі мұнай кеніштерін ашуда зор еңбек сіңірді. Соның арқасында мұнай-газ саласы ел экономикасы дамуының локомотивіне айналды», — деді Әлихан Смайылов. 



Премьер-Министр бір ғасырлық тарихы бар «Ембімұнайгаз» кәсіпорны қаншама даңқты мұнайшылар әулетін тәрбиелеп, мыңдаған ұлттық кадр дайындап шығарғанын айтты. 



«Жер қойнауындағы қазба байлықты іздеуден бастап, оны игеру мен дамыту мол қажыр-қайратты, терең білім мен табандылықты талап етеді. Осындай қиыншылықтарға төтеп беріп, мұнай өндіріп, ел игілігіне үлес қосқан мұнайшылар еңбегі ешқашан ұмытылмайды! Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетілу керектігін атап өтті», — деді Әлихан Смайылов.



Сөз соңында Премьер-Министр бүгінгі таңда «Ембімұнайгаз» әлеуметтік жауапкершілігі ретінде Атырау облысының дамуына да жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Үкімет басшысы ҚР Президентінің атынан 25 ардагер мен сала қызметкерлеріне түрлі мемлекеттік наградалар табыс етті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мұнай #қара алтын #Бренд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда жастарға арналған "Заң және тәртіп: қоғам талаптары" кездесуі ұйымдастырылды

Бүгін 10:50

Досынан 1500 теңге қарызын сұраған қазақстандық істі болды

Бүгін 10:41

Бурабайда квадроцикл апатынан 24 жастағы қыз ауыр халде жатыр

Бүгін 10:23

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.