AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарасай ауданының халқы кептелістен көз ашпай отыр

Қарасай ауданының халқы кептелістен көз ашпай отыр

Әлеумет 08.07.2024, 19:04 860 yakiya
Қарасай ауданының халқы кептелістен көз ашпай отыр
almaty-akshamy.kz

Кептеліс көп болғандықтан жол апаты да жиі болады.

Қарасай ауданындағы көлік кептелісі халықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қарасай ауданындағы 7 шақырым жолды халық екі сағаттап жүруге мәжбүр.

"Көп жыл Алтын орда базарында көлік кептелісі болды. Ол жердің жолын жасап, кептелісті қаланың сыртына ғана ысырып қойды, сонымен іс бітті қылды. Мына 7-8 шақырымды таңертең 2 сағат, кешке екі сағат жүреміз", - дейді аудан тұрғыны Ғұбайдолла Тұрапов.

Кептеліс көп болғандықтан жол апаты да жиі болады.

"Кептеліс азаяды деп Алматының үлкен айналма жолын салды. Одан қайыр жоқ. Елдің бәрі қалаға қатынап жұмыс істейді. Жарты өміріміз жолдың кептелісімен кетеді. Ауылда жұмыс жоқ. Бір көлік соқтығысса бірнеше шақырым көлік кептелісі болады. Соғылмағанның өзінде бір аттам жерді сағаттап жүреміз", - дейді жүргізуші Талғат Смайылов.

"Алматы - Бішкек" деп аталатын бұл автожолда күніне 70 мыңнан астам көлік жүреді. Дегенмен тас жол негізі 40 мың көлікке арналған. Бұл жолдың проблемалы екенін облыстық "Қазавтожол" мамандары да мойындап отыр.

"Алматы-Бішкек" автожолының 20-31 км бойынша халық көп шағымданады. Көлік апаты да жиі болады. Бұл проблеманы шешу үшін екі кезеңді жұмыстың сызбасы әзірленді. 6-8 жолақты жол етіп жасау қарастырылған. 4 бұрылма, 12 жерасты өткелі салынып, 1 көпір кеңейтіледі. Су жіберетін 12 құбыр салынады", - дейді "Қазавтожол" ұлттық компаниясының Алматы облыстық филиалының өкілдері.

Ведомствоның мәліметінше, жол құрылысы жақында басталады. Ауқымды жұмыс халықты мезі еткен көлік кептелісін бұдан да күрделендіре түсуі мүмкін.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарасай ауданы #көлік #кептеліс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтар 36 литрден астам қан тапсырды

Бүгін 18:39

Алматы түркі әлемін біріктіреді: Түркияның жастар делегациясы оңтүстік астанаға келді

Бүгін 18:34

Алматы мәслихатының депутаттары 2025 жылғы бюджеттің атқарылуын қарап, 2026–2028 жылдарға арналған бюджетті нақтылауды қолдады

Бүгін 18:30

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар жүзеге асырылып келеді

Бүгін 17:57

Қазақстандық ғалым әлемдік стоматологияға жаңа көзқарас ұсынуда

Бүгін 17:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);