AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Қарақат Әбден жұмыс сапарымен Қызылорда облысына б...

Қарақат Әбден жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды

Сайлау-2023 08.11.2022, 10:55 1,487
Қарақат Әбден жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

ҚР Президенттігіне үміткер Қарақат Әбденнің ел өңірлеріндегі үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда.


Бүгін ол Қызылорда облысының өңірлік сайлауалды штабына ат басын бұрды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін бұл аймақта 100-ден астам адам жұмылдырылғаны белгілі.



«Бүгін Қызылордадағы штабтың жұмысымен таныстым. Қызылорда облысы – еліміздегі ең ірі аймақтардың бірі. Жергілікті штабта 10 қызметкер, 100 волонтер жұмыс істейді. Штаб өкілдері аудан және ауыл тұрғындарымен де кездесу өткізеді. Жұмыс үйлесімді әрі талаптарға сәйкес іске асуда», – деді Қарақат Әбден.



Штаб өкілдері мәлімдегендей, сайлаушылар тарапынан жолданған сауалдар мен ұсыныстарға баса мән беріледі.



«Жергілікті тұрғындар көбінесе әлеуметтік тақырыптарға қатысты сауал жолдайды, тұрғындармен кері байланыс жақсы дамыған. Жалпы алғанда, сайлаушылар Қ.Әбденнің әлеуметтік бағдары басым бағдарламасын қолдайды», - деп жеткізді өңірлік штаб жетекшісі Маржан Бисенова.



Сонымен қатар, штабтың үгіт-насихат жұмысы әртүрлі санаттағы азаматтарды қамтиды. Мүмкіндігі шектеулі жандар да назардан тыс қалып жатқан жоқ. Ол үшін штаб мүшелері сайлаушылардың үйлерін аралап, үміткер бағдарламасының негізгі бағыттары жайлы мәлімет беріп жүр.


Еске салсақ, елімізде 20 қараша күні кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Үміткер Қ.Әбден ел аймақтарын аралап, 11 қала мен бірнеше ауылдық елдімекенде 20-дан астам кездесу өткізді Алдағы уақытта ол Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Жамбыл облыстарының сайлаушыларымен кездесу өткізеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #үміткер #президент
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Пара үстел теннисінен ел чемпионатында ШҚО спортшылары 19 медаль жеңіп алды

Бүгін 16:48

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);