AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қарақат Әбден 2024 жылды «Зорлық-зомбылыққа қарсы...

Қарақат Әбден 2024 жылды «Зорлық-зомбылыққа қарсы жыл» деп жариялауды ұсынды

Әлеумет 30.11.2023, 12:17 1,336
Қарақат Әбден 2024 жылды «Зорлық-зомбылыққа қарсы жыл» деп жариялауды ұсынды
Сурет: интернеттен

Оның айтуынша, студенттер харассментке ұшырау ықтималдығы өте жоғары топ.


Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу кезек күттірмей шешетін мәселеге айналғанын атап өтіп, Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға сауал жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz



«Елді елең еткізген соңғы хабарлар қоғамдық сананы дүр сілкіндірді. Осы қорқынышты жаңалықтар ізімен харассмент оқиғалары да тез тарады. Жақында Астана медицина университетінде профессор-оқытушының студентке жасаған жыныстық қысым фактісі анықталды.  Осыдан кейін әлімжеттік көрген студенттер өз оқиғаларын әлеуметтік желіде бөлісе бастады. Жеке өзіме әртүрлі оқу орындарының студенттерінен 100-ден аса хат келіп түсті», - деп айтты депутат.



Қарақат Әбден студенттер харассментке ұшырау ықтималдығы өте жоғары топ екенін алға тартты.



«Жыныстық қысымға ұшыраған елордалық бойжеткеннің ісімен танысып, бұл салада кемшіліктердің көптігіне анық көзіміз жетіп отыр. Дәл бүгін еліміздің оқу орындарында қанша харассмент оқиғасы болғанын дөп басып айту қиын. Себебі статистика жүргізілмейді. Ал заңда харассмент ұғымы атымен жоқ. Жалпы зорлық-зомбылықтың қай түрін болсын, харассментті де қатаң қарап, заң жобасына бірқатар өзгерту мен толықтыру енгізу қажеттілігі туындап отыр», - дейді ол.



Әбден кеше ғана мектеп бітіріп, ауылынан шығып көрмеген ақүрпек балапандай жап-жас қыздарды қорғауымыз керек екенін айтты. Ол атағандай, ибалы, кейде тым ұялшақ, жасқаншақ қазақ қызы өз басынан өткен осындай жағдайды айта бермейді.


Депутат мынадай ұсыныстар айтты:


харассментке қатысты анонимді сауалнаманы еліміздің барлық жоғары оқу орындарында тәуелсіз түрде өткізуді;


профессорлық-оқытушылық құрам мен барлық студент қыздарға харассментке қатысты заңнамалық-құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізуді;


барлық жоғары оқу орындарының Жарғысына харассмент туралы нақты ережелер енгізуді сұраймыз!


Оның мәліметінше, Бас прокуратураның деректері бойынша 2023 жылдың 10 айында тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 85 әйел қаза тапқан.


Депутат келесі жылды зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жылы деп жариялауды ұсынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мәжіліс #депутат #Қарақат #Студент #зорлық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);