AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Қаражатты игеру де өнер

Қаражатты игеру де өнер

Керек кеңес 18.11.2021, 06:22 2,250 Олжас ЖОЛДЫБАЙ
Қаражатты игеру де өнер
Сурет: Нobiz.ru

Ақша ақылдыға жұмыс істейді


Америкалық философ Бенджами Франклин «Уақыт – ақша» депті. Жаһан жұрты қағаз ақшаға көшкеннен бастап, ой өзгерді. Кәсіпті дамытып, оны дұрыс жолға қоюды ойластыра бастады. Біртіндеп нарықтық экономикаға көшті. Ол дегеніміз бұрынғы айырбас саудадан кетудің тікелей жолы еді. Бұл тенденция Орталық Азияға ойысты. Рас бұған дейін цивилизация бізден шыққан. Ол жөні бөлек бір әңгіме.


Ақша тиыннан құралады. Қазақ халқы «ертеңін ойламағаннан без» деп тәмсілдепті. Өте орынды айтылған. Бүгінгі заманға дәп келіп тұр. Мобильді іс атқаруды талап ететін заманда, ақшаны табу мен жинау деген екі мәселе алдымызда тұр. Экономист сарапшылардың пікірінше, осы екі типтегі қасиет бір адамның бойынан табылса, жетістік деген сол деп жатады. Қай жағынан алғанда да дұрыс пайым. Бәріміз жұмыс істейміз. Баршамыз айлық табамыз. Әрине оның мөлшері әркімде әр қалай. Біреу 100 мың табады. Екіншісі одан 10 есе көп алады. Бірақ соны ұсата білуге келгенде де, әркімнің стилі әр түрлі. Мейлі сонша көп тапса да, дегенмен оны жеткізе алмауы ықтимал. Немесе керсінше болуы да ғажаб емес. Бастысы, әрбір тиынын жастайынан есептеп, оны жөнімен жаратса, ұтқаны.


Қаржы құрап үйрену. Америкалық кәсіпкер әрі ресторатор Рей Крок «Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз» дейді. Мұны маңызды айтылған дүние қатарына қоса аламыз.


Көбіміз қаржыны табуды білеміз. Бірақ оны жинап, молырақ табудың жөнін келістере алмай далмыз. Кейбір істеріміз далбаса болып жатады. Сондықтан мейілінше, жинап үйренуге тырысқан абзал. Ақша тиыннан құралатынын ұмытпағныңыз жөн.


Түйін. Сократ «Ақшасы жоқ адам кедей емес, арманы жоқ адам кедей» нақыл сөз қалдырыпты. Әлгіндегі ойларды түйіндегенде осыған саяды. Ең негізгісі ынта болса, бәрі өз ретін табады демекпіз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қаражат #игеру #өнер #ақша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);