Қарағанды облысында синтетикалық есірткі өндірген астыртын зертхана әшкереленді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі. Бір күдікті ұсталып, құны 2 миллион доллардан асатын заңсыз өнім тәркіленді.
Тінту барысында күдіктінің үйінен дайын «скорость» есірткісі, 5 тоннаға жуық прекурсор, сондай-ақ реактор, сүзгілеу және кептіру құрылғылары, вакууматорлар мен түрлі химиялық реагенттер табылған.
Полицияның мәліметінше, күдіктілер 40 келіге жуық дайын есірткіні заңсыз айналымға шығармақ болған. Өнім Telegram-арна арқылы сатылып, Қарағанды облысы аумағында таратылуы жоспарланған.
Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.