Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарағандыда 332 есірткі қылмысы анықталды

Қарағандыда 332 есірткі қылмысы анықталды

Әлеумет 12.11.2024, 17:37 634
Қарағандыда 332 есірткі қылмысы анықталды
Сурет: Gov.kz

Екі жерасты фитолаборатория жойылды. 

Аймақ аралық штабтың отырысында есірткіге қарсы саясат қаншалықты деңгейде жүзеге асырылып жатқандығы айтылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz облыстық  әкімдіктің ресми ресурсына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында жыл басынан бері 332 есірткі қылмысы анықталып, 445 кг есірткі тәркіленді. Екі жерасты фитолаборатория жойылды. Есірткі бизнесімен айналысқандардың қызметі тоқтатылды: жылдық қаржы көлемі 2,5 млрд теңгеден асқан 16 күдікті ұсталды.

Кеңесте мемлекеттік органдардың өкілдері облысты есірткіден таза аймаққа айналдыру үшін тағы қандай шаралар қабылдау керектігі талқыланды.

Полицейлер наркограффитимен күрес жүргізуде.

«Бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтинск және Балқаш қалаларында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қолдауымен «СТОП-граффити» ұранымен ауқымды акциялар өткізілді. 2024 жылдың 16 қазанына дейін 410 рейд жүргізіліп, 11 902 наркограффити бояп тастады», – деп хабарлады облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Жасқайрат Қайыров.

Заманауи технологиялар дәуірінде қылмыскерлер есірткіні тарату үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді көбірек пайдаланады. Облыстық полиция департамент өкілдері есірткіні жарнамалайтын 177 сайт пен парақшаны бұғаттады.

Отырыста есірткіден емдеу мен оның алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Жақын арада облыстық психикалық денсаулық орталығында газды хроматограф жұмыс істей бастайды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова бұл құралдың көмегімен адамның ағзасында 100-ден астам есірткі түрін анықтауға болатынын айтады.

Аймақ басшысы есірткіге қарсы профилактика жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде қолжетімді формада жүргізілуі керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екендігін ескертті.

«Полиция қызметкерлері қала және аудан әкімдерімен бірге үнемі аулаларды аралап, есірткіні жарнамалайтын орындарды алдын ала анықтауы қажет. Денсаулық сақтау басқармасы мектеп оқушылары мен студенттер арасында үнемі скрининг ұйымдастыруы тиіс. Облыстық диспансер жанынан анонимді кеңес беретін консультациялық орталық ашу қажет. Аймақта есірткіге қарсы күрестің негізгі мақсаты – қоғамды есірткіге тәуелділікпен күресуге шақыратын қоғамдық қозғалыс құру керек. Қарағанды облысы есірткіден таза аймаққа айналуы тиіс», – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қарағанды #есірткі #қылмыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қысқы Олимпиада: бүгін жарыс жолында ел намысын кімдер қорғайды?

Бүгін 10:07

Жарты ғасырдан кейінгі жүздесу: Оралда ағайындылар 54 жылдан соң қауышты

Бүгін 09:42

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.