ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қарағанды облысының 20 жас ғалымы Қытайда тағылымд...

Қарағанды облысының 20 жас ғалымы Қытайда тағылымдамадан өтіп жатыр

Әлеумет 10.09.2025, 13:55 429
Қарағанды облысының 20 жас ғалымы Қытайда тағылымдамадан өтіп жатыр
gov.kz
Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің жиырма жас ғалымы Қытайдың Шихэцзы университетінде тағылымдамадан өтіп жатыр. Бұл сапар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға...

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық университетінің жиырма жас ғалымы Қытайдың Шихэцзы университетінде тағылымдамадан өтіп жатыр. Бұл сапар – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға жасаған ресми сапары кезінде қол жеткізілген академиялық алмасуды дамыту туралы келісімдердің жалғасы.

Бағдарлама аясында ғылыми зерттеулерді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерін меңгеру және түрлі елдерден келген әріптестердің тәжірибесімен танысу көзделген.

Сертификат тапсыру рәсімінде университет ректоры Нұрлан Дулатбеков бұл сапар жас мамандар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

– Қытаймен қарым-қатынаста ғылым мен білімнің маңызы зор. Азия – студенттер мен ғалымдар алмасуды жолға қоюға қолайлы бағытқа айналып келеді. Қазақстан бұл ретте тиімді жағдайда орналасқан, сондықтан академиялық ынтымақтастықты дамыта алады. Бүгінде біздің университеттерге шетелдік студенттер келіп жатыр, бұл бірлескен жобаларға жол ашады, – деді Нұрлан Дулатбеков.

Тағылымдама қатысушыларының бірі – Гүлнұр Алпыcова. Ол қатты дене физикасымен айналысады, кристалдық материалдардың люминесценциясын зерттейді. Қытайда ол «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдер үшін су жүйелері мен ирригация бойынша семинарға қатысуда.

– Бұл тағылымдама – заманауи сумен жабдықтау және ирригация жүйелері бойынша білімді тереңдетіп, түрлі елдерден келген әріптестермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мен тәжірибелік тәсілдер мен инновациялық шешімдерге ерекше көңіл бөлуді жоспарлап отырмын, оларды кейін Қазақстанда бейімдеп қолдануға болады, – дейді жобаға қатысушы.

Қытайға сапар кәсіби байланыстар орнату және халықаралық әріптестікті дамыту тұрғысынан да маңызды. 

Тағылымдама қорытындысы бойынша шетелдік университеттермен ынтымақтастықтың жаңа бағыттары дамытылады деп жоспарлануда.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.