AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қарағанды облысында 70 жастағы зейнеткердің үйінен...

Қарағанды облысында 70 жастағы зейнеткердің үйінен қарасора табылды

Заң мен тəртіп 12.01.2026, 10:46 929
Қарағанды облысында 70 жастағы зейнеткердің үйінен қарасора табылды
Polisia.kz

Қарағанды облысында әкесінің пәтерінде қарасора өсірген тұрғын анықталды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында полицейлер 70 жастағы зейнеткердің пәтерінен заңсыз ұйымдастырылған қарасора өсіру орнын әшкереледі. Тінту барысында үй жағдайында арнайы жабдықтармен өсірілген қарасора бұталары табылды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бұл өсімдіктер пәтер иесінің 33 жастағы ұлына тиесілі. 

Оның айтуынша, ол күз мезгілінде қарасора тұқымдарын әкеліп, әкесінің пәтерінде шағын жылыжай ұйымдастырған. Тәртіп сақшылары қарасора өсірілген құмыраларды, өсімдіктерге қажет микроклиматты қамтамасыз ететін құрал-жабдықтарды, сондай-ақ қағазға оралған кептірілген өсімдіктерді заттай дәлел ретінде тәркіледі. Зейнеткердің ұлы тұқымдардың өзіне тиесілі екенін растады. Оның мәлімдеуінше, қарасораны жеке пайдалану мақсатында өсірген. 

Сондай-ақ, күдікті есірткі заттарын біршама уақыт бойы тұтынып жүргенін мойындады. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір күдіктінің есірткі заттарын медициналық емес мақсатта тұтыну дерегін анықтау үшін тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесіне сәйкес, заң аясында тиісті шешім қабылданады.

Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қарағанды облысы #Қарасора #полиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);