конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қапшағайда батып бара жатқан адамды құтқармақ болғ...

Қапшағайда батып бара жатқан адамды құтқармақ болған Қонаев тұрғыны қаза тапты

Оқиға 28.07.2026, 10:33 207
Қапшағайда батып бара жатқан адамды құтқармақ болған Қонаев тұрғыны қаза тапты

Қонаев қаласының тұрғыны Андрей Козятинский Қапшағай су қоймасында суға батып бара жатқан адамды құтқармақ болып, қаза тапты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қайғылы жағдай туралы қала әкімі Асхат Бердіханов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Әкімнің айтуынша, Андрей Козятинский өз қауіпсіздігін ойламай, көмекке мұқтаж адамды құтқаруға ұмтылған.

«Андрей Филипович Козятинскийдің Қапшағай су қоймасында басқа адамды құтқаруға әрекет жасау кезінде қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Оның бұл әрекеті ерлік пен жанқиярлықтың, адамгершіліктің айқын үлгісі болды. Шешуші сәтте Андрей шетте қалмай, өз өміріне қауіп төніп тұрғанына қарамастан, көмекке ұмтылды. Мұндай қадамға жүрегі үлкен, мінезі мықты адам ғана бара алады», – деп жазды әкім.

Асхат Бердіханов қала тұрғындарының атынан марқұмның әкесіне, бауырына, туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Оның ерлігі Қонаев тұрғындарының жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

«Андрейдің батылдығы мен өзгенің өмірін құтқару үшін өзін құрбан етуге дайын болуы – шынайы ерлік пен адамгершіліктің үлгісі», – деді қала әкімі.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 22 шілдеде демалыс орындарының бірінде болған. Алдын ала ақпарат бойынша, бір адам суға батып кеткен. Оны құтқармақ болған демалыс базасының қызметкері де қаза тапқан.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда бір палаталы Құрылтай жұмыс істей бастайды

Бүгін 09:49

Жаңа Конституция – жасампаз әрі озық Қазақстанның негізі

Бүгін 09:46

Алматыда бір тәулікте 1 357 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды

Бүгін 09:27

Канье Уэсттің концерті басталуына санаулы минуттар қалды

Кеше 20:48

Алматы және Алматы облысындағы тұтынушылардың электрмен жабдықталуы қалпына келтірілді

Кеше 20:40
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);