Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қандастарды қабылдау тетігі қайта қаралады

Қандастарды қабылдау тетігі қайта қаралады

Әлеумет 05.12.2022, 09:35 1,475
Қандастарды қабылдау тетігі қайта қаралады
Сурет: Ernur.kz

Парламент Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында депутаттарға Әлеуметтік кодекстің жобасы таныстырылды.



Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қандастарды елде қабылдауда қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Бесінші новелла – бұл жаңа көші-қон саясаты. Оның мақсаты – Қазақстан экономикасын сұранысқа ие және білікті кадрлармен қамтамасыз ету. Жаңа көші-қон саясаты 4 міндетті шешуді көздейді: сұранысқа ие кадрларды тарту; инвестиция тарту; шетелде тұратын этникалық қазақстардың әлеуетін пайдалану; шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау», - деді Тамара Дүйсенова.



Бірінші міндет аясында экономика салалары үшін сұранысқа ие технологиялар бойынша үздік оқытушыларды, үздік ғалымдарды, тапшы кәсіптер бойынша мамандарды тарту мақсатында  жеңілдетілген визалар мен 10 жылға тұру құқығы беріледі.


Министрдің айтуынша, екінші міндетті шешу үшін 300 мың АҚШ долларден кем емес инвестиция салуды көздеген шетел кәсіпкерлері үшін «Инвесторлық визаны» ұсынады.



«Үшінші міндетте көрсетілген тапсырмаларды шешу үшін «Атамекен» картасы енгізіледі, ол жоғары деңгейдегі кәсіпқой немесе өздері тұратын елдерде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда іске асыруды қалайтын этникалық қазақтарға беріледі. Ол азаматтар мерзімі 10 жылға дейін созылатын жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда тұрып өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік алады», - деп түсіндірді ол.



Қандастарды қабылдау тетігі де қайта қаралатынын министр атап өтті. Қандастарды қоныстандыру саясатын елдің демографиялық және экономикалық үрдістерін ескере отырып, оларды құжаттарды қабылдаудың бастапқы кезеңінде қоныстандыру өңірлеріне көшіп-қонуды қосымша ынталандыра отырып түбегейлі реформалау ұсынылды.


Шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың еңбек құқықтарын қорғау үшін азаматтарымыз ең көп жұмыс істейтін елдерде қазақстандық еңбек мигранттарының құқықтарына кепілдік беретін мемлекетаралық келісімдер пакетін қабылдау қарастырылды.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#қандастар #қабылдау #қайта қарау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент Тоқаев Жапония премьер-министріне құттықтау жолдады

Бүгін 14:21

Алматы полициясы "Ерболат Құдайбергеннің ұсталғанына" қатысты ақпаратқа жауап берді

Бүгін 14:15

3,1 млрд теңге, Porsche мен Lexus: Маңғыстауда онлайн-казино ұйымдастырды деген күдікті ұсталды

Бүгін 12:36

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Бүгін 12:12

Петропавлда НЗМ оқушысы үшінші қабаттан құлап, ауыр халде ауруханаға түсті

Бүгін 12:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.