ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қандай мамандарға жұмыс тез табылады?

Қандай мамандарға жұмыс тез табылады?

Әлеумет 25.01.2023, 08:29 1,493
Қандай мамандарға жұмыс тез табылады?
Сурет: Spektrvet.ru
Білім беру бағыттары бойынша ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында.

Білім беру бағыттары бойынша ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында.


Қазақстанда жоғары білім беру бағдарламаларының рейтингі жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Онда нақты қандай мамандық бойынша жұмысқа тұру көрсеткіші жоғары екенін, жалақы мөлшерін де көруге болады.


Рейтингті жоғары білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалды. Осы жұмысқа «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да атсалысты.


Палатаның басқарушы директоры Азамат Бейсенбаевтың айтуынша, рейтингті әзірлеу кезінде екі мыңнан астам білім беру бағдарламасы зерделенді. Сондай-ақ, 80 мыңдай түлек, 200-ден астам сарапшы мен 100-ге жуық оқу орны қамтылды.


Негізгі талаптар: жұмысқа орналасу деңгейі, орташа жалақы, білім беру бағдарламаларын аккредитациясы мен оқытушылардың сапасы.


Талдау барысында түлектердің ай сайынғы зейнетақы аударымдары да ескерілді.



«Білім беру бағыттары бойынша ең жоғары жұмысқа орналасу деңгейі «Ветеринария» бағытында болып тұр. Бұл көрсеткіш - 88 пайыз. Ал денсаулық сақтау мен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша ең жоғары жалақы тіркелді. Осы салада түлектер бірден ай сайын 221 841 теңге алады, бұл – медиандық жалақы*. Ал «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» бағытында ең төмен орташа жұмысқа орналасу деңгейі тіркелді», - деді Бейсенбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.



Рейтингке сәйкес, Батыс Қазақстан облысының түлектері жұмысқа орналасу көрсеткіші бойынша 86 пайызды көрсетті, екінші орында Алматы облысының түлектері - 85 пайыз, үшінші орында Атырау облысының түлектері - 84 пайыз.


Ал Қызылорда және Түркістан облыстарында ең төмен жұмысқа орналасу көрсеткіші - 73 пайыз тіркелді.



«Ең жоғары жалақыны Алматы облысының түлектері алатыны анықталды, облыс бойынша түлектердің оқу бітіргеннен кейінгі алғашқы жылдағы медиандық жалақысы 196 769 теңгені құраған. Ең төмен жалақы Шымкент қаласының түлектерінде – 124 895 теңге», - деді палата өкілі.



Рейтинг министрлік пен палатаның сайтында жарияланды.


* Медиандық жалақы. Ол шартты түрде жалпы жалақы шкаласын екіге бөліп, дәл ортасын көрсетеді. Азаматтардың жартысы осы сомадан көп, ал екінші жартысы дәл осы сомадан аз алады дегенді білдіреді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,432 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,251 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.