ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мұны білген жөн / Қан қысымы дәрілерін қай уақытта қабылдаған дұрыс?...

Қан қысымы дәрілерін қай уақытта қабылдаған дұрыс? Дәрігер жауабы

Мұны білген жөн 22.11.2025, 15:08 344
Қан қысымы дәрілерін қай уақытта қабылдаған дұрыс? Дәрігер жауабы
almaty-akshamy.kz
Инфаркт пен инсульт ауруларының қаупін азайту үшін қан қысымын төмендететін дәрілерді ұйықтар алдында қабылдау пайдалырақ. Бұл туралы еуропалық кардиология қоғамының 2024 жылғы конгресінде...

Инфаркт пен инсульт ауруларының қаупін азайту үшін қан қысымын төмендететін дәрілерді ұйықтар алдында қабылдау пайдалырақ. Бұл туралы еуропалық кардиология қоғамының 2024 жылғы конгресінде айтылды, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі doctorpiter.ru-ге сілтеме жасап.

Ғалымдар 47 мыңға жуық гипертониямен ауыратын науқасты қамтыған бес түрлі зерттеудің нәтижелерін қорытындылады. Сондай-ақ бір күн бұрын Лондонда өз жұмысын аяқтаған еуропалық кардиология қоғамы жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты әлемдегі ең ірі конгресте нәтижелерімен бөлісті. Олардың зерттеу нәтижелеріне сәйкес, жүрек талмасынан, инсульттан, жүрек әлсіздігінен қорғану үшін қан қысымын түсіретін дәріні кешке қабылдаудың таңертең қабылдағаннан еш артықшылығы жоқ.

"Науқастар қан қысымын төмендететін дәрілерді күніне бір рет кез келген ыңғайлы уақытта іше берсе болады", - деді Колумбия университетінің профессоры және жаңа зерттеудің авторы Рики Турджеонның сөзіне сілтеме жасап.

Инфаркт пен инсульттің қаупі қай уақытта?

Ал Светлана Мартынованың айтуынша, инфаркт пен инсульттің қаупі таңертең басым болады. Көп жағдайда инфаркт таңғы 6-дан 9-ға дейін, инсульт таңғы 4-тен 6-ға дейін болады. Сондықтан қан тамырлары ауруының қауіптілігін азайту үшін гипертониясы бар науқастарға әдетте кешке, ұйықтағанға дейін қан қысымын төмендететін дәрі-дәрмектерді қабылдау ұсынылады. Оның себебін жүрек-қан тамырлары ауруларының нәтижелерін күндізгі қан қысымына қарағанда, түнгі қан қысымынан жақсы болжауға болатынында деп түсіндірді сарапшылар.

Уақыт емес, жүйелілік маңызды

Профессор Турджонның сөзінше, түнде зерттелген препараттардың нәтижесі әртүрлі болып шыққан.

Зерттеушілер нақтырақ білу үшін бес топтың зерттеу деректерін талдап, түндегі және таңертеңгі гипертензияға қарсы препараттарды қабылдауды салыстырып шыққан.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ғалымдар дәріні қабылдау уақыты нәтижеге әсер етпейді деген қорытындыға келді. Сонымен қатар дәрілерді қабылдаудың уақыты қайталама ауруларға, соның ішінде сынықтарға да, глаукомаға және ойлау мен есте сақтаумен байланысты бұзылыстарға да еш әсері жоқ екені айтылды.

Яғни ең бастысы – уақыт емес, қабылдаудың жүйелілігі маңызды екені белгілі болды.

"Бұл нәтижелерден науқастар өздерінің қан қысымы дәрілерін бастысы – естеріне түскен кезде ішсе болғаны екенін ұғуға болады. Белгілі бір уақыт маңызды емес, таңертең немесе кешке ішу керек деген қағида жоқ. Ең бастысы, олар дәрі-дәрмекті күн сайын қабылдап отырса болғаны", - деп түсіндірді Британ жүрек қорының бас ғылыми және медициналық қызметкері, профессор Брайан Уильямс.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.