Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қаланың Қоғамдық кеңесіне сайлану үшін 200-ге жуық...

Қаланың Қоғамдық кеңесіне сайлану үшін 200-ге жуық кандидат құжат тапсырды

Әлеумет 21.04.2022, 13:21 1,105
Қаланың Қоғамдық кеңесіне сайлану үшін 200-ге жуық кандидат құжат тапсырды
Суреттер: Almaty-akshamy.kz

192 адам Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына ену үшін сайлауға қатысады.


Алматыда Қоғамдық кеңеске кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Оның қорытындысы бойынша, 192 адам Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің құрамына ену үшін сайлауға қатысады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Айта кету керек, үміткерлердің 40%-ы әйелдер. Байқауға қатысушылар арасында ҮЕҰ өкілдерінің үлесі басым - 40%-дан астам. Үміткерлердің 20%-дан астамы - жастар. Сонымен қатар, білім беру саласының өкілдері өтініш берушілердің жалпы санының 10%–ын, денсаулық сақтау – 5%–ын және мәдениет - 6%-ын құрады.



Сондай-ақ, құжаттарды БАҚ өкілдері де тапсырды, олардың саны 5%-дан асты.
Үміткерлер келесі кезеңде 25-29 сәуір аралығында өтетін сұхбаттасу үшін топтарға бөлінеді. Әңгімелесу кезеңінде кандидаттардың өзін таныстыруы үшін сөз сөйлеулері қарастырылған, осымен бірге құзырет, тиімділік және мотивация бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.


Әр қатысушыға пікірсайыс форматында өзі туралы, өз жетістіктері жайлы және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің құрамына сайлану үшін өз кандидатурасын ұсыну мақсаттары туралы айтуға мүмкіндік беріледі.


Әңгімелесуді өткізу кестесі мен кандидаттар тізімі Алматы қаласы мәслихатының сайтында қолжетімді. Сайлау процесінің ашықтығын, транспаренттілігін және әділдігін қамтамасыз ету үшін барлық сұхбаттар тікелей эфирде көрсетіледі.




Естеріңізге сала кетейік, жұмыс тобының барлық отырыстарына тәуелсіз байқаушылар қатысады.
Сайлауды өткізу қорытындысы бойынша, бұрын хабарланғандай, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің 39 мүшесі сайланады, оның 36-сы - қоғамның және 3-і - мемлекеттік органдардың өкілдері.
Сілтемелер: http://www.mga.kz/live/, https://aitube.page.link/TDRj, https://www.youtube.com/c/AlmatyUS/featured.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#cайлау #ұоғамдық кеңес #құжат тапсыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық психолог ҰБТ алдында сабыр сақтаудың жолын айтты

Бүгін 11:48

2026 жылғы қаңтардағы ҰБТ-ның қорытындысы шықты

Бүгін 11:44

Алматыда Халықаралық журналистика бойынша қысқы мектеп өтіп жатыр

Бүгін 11:42

Алматыда жастар саясаты бойынша 2025 жылдың жұмыс қорытындысы шығарылды

Бүгін 11:18

Жаркентте төрт жасар ұлын аяусыз соққыға жыққан әйелге үкім шықты

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.