Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қаланың қақ ортасында үйлеріне кіре алмай қалған а...

Қаланың қақ ортасында үйлеріне кіре алмай қалған алматылықтар

Әлеумет 17.05.2023, 10:55 1,898
Қаланың қақ ортасында үйлеріне кіре алмай қалған алматылықтар
Сурет: Centernov.kz

1700-ден аса пәтері бар Gulder тұрғын үй кешеніне кіретін негізгі қақпа жабылып қалуы мүмкін.


Өйткені, кіреберіс аумақ жекеменшікке тиесілі екен. Қақпаның бір қапталы қоршалып, құрылыс жұмыстары басталғанын көрген тұрғындар дабыл қақты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Тұрғын үйді салған құрылыс компаниясы болса тұрғындарға басқа жерден жол ашып береміз, депті. Қосалқа қақпа көліктерге де, жаяу жүргіншілерге де қолайсыз», - дейді жұрт.



24.kz-тің ақпаратына сүйенсек, Райымбек даңғылының бойында орналасқан Gulder тұрғын үй кешені 2020 жылдан бастап пайдалануға берілген. Қазір 7 мыңға жуық адам тұрады. Күре жолдың бойында орналасқан негізгі қақпа жабылады, деген ақпаратты естіген тұрғындар алаңдаулы. Құрылыс компаниясы айтқан қосалқы жол тұрғындарға мүлдем қолайсыз екен.



«Мен өзім көпбалалы анамын, балаларыммен өтіп шығу маған ыңғайлы. Енді бізге ұсынып жатқаны бұлардың өте тар көше мына жақта Әбішов деген көше оны барып көргендер бар шығар. Өте тар, жүру мүмкін емес. Біріншіден жүру мүмкін емес, екіншіден балаларыммен мен автобусқа дейін ұзақ айналып жүрк керекпін. Уақыт кетеді, ол маған өте ыңғайсыз және тиімсіз», - дейді тұрғындардың бірі Айгерім Исағалиева.


«Қазіргі қақпаны жауып тастамақшы, себебі ол жердің иесі басқа адам екен. Үй сатқан кезде мұндай мәселе бар екенін айтпады. Райымбек даңғылына тіке шығасыздар деп айтты. Біз қазіргі қақпаны қадыруын сұраймыз. Құрылыс компаниясы бізді алдап кетті деп ойлаймын», - дейді үй тұрғыны Рабиға Смаилова. 



Қосалқы қақпа арқылы Райымбек даңғылына шығу үшін бір шақырым жолды айналып жүру керек екен. Екіншіден ондағы жеке үйдің иелері мыңнан аса адам мен көліктің кіріп, шығуына қарсы. Қала ортасында қамалып қалмайық деген тұрғындар жауаптылармен кездесіп, талаптарын жеткізді. Қақпа жабылатын болса, құрылыс компаниясын сотқа береміз, дейді ашулы жұрт.



«Тұрғындармен кездесуге дейін біздің Алматы қаласы бойынша басшысымыз мына жер телімінің иесімен кездесті. Жұма күнге дейін мәселені шешуге келісті. Басшылықтың айтуынша, бұл мәселе шешім табады. Яғни, бұл қақпа Гүлдер тұрғын үйінің иелігінде қалады», - дейді құрылыс компаниясының сервистік қызмет көрсету директоры Елдар Кабдрахманов.


«Сатушы мен сатып алушы ортасындағы келісім. Енді сатушы өзінің міндетін орындау керек қой. Егер сатушы өзінің міндетін орындамаса, бұл жерді сатып алмаймын десе ондай болса әкімдік міндетті түрде бұған назар аударады. Кездесуге келген құрылыс компаниясының өкілі тұрғындар талабын апта соңына дейін орындайтынын айтты. Ал Наурызбай ауданы әкімдігі уәденің орындалуын бақылаймыз дейді», - дейді Наурызбай ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Нұрбол Бейсеков.





Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қақпа #Гүлдер #тұрғын үй
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

ҚазҰУ ғалымдары жаңа Конституция жобасын талқылады

Кеше 20:39

Алматыда әйелдер кәсіпкерлігін қолдау жобасының 13-маусымы қорытындыланды

Кеше 19:17

Алматыда алғаш рет әлемдегі ең ірі IT-көрмелердің бірі өтеді

Кеше 17:40

Алматылық ірі компания қызметкерлері Конституциялық реформаны қолдады

Кеше 17:23

Алматының өнер ұжымы конституциялық реформаны қолдайтынын білдірді

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.