AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қаламгер рухына құрмет

Қаламгер рухына құрмет

Мәдениет 18.03.2026, 17:55 387 Bakyt
Қаламгер рухына құрмет
aqshamnews.kz

Алматы қаласында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі, жазушы Ғабиден Құлахметтің 70 жылдығына арналған тағылымды әдеби кеш ұйымдастырылды. Тағзым мен тағылымға толы рухани басқосу барысында қаламгердің шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, оның есімін ұлықтауға бағытталған бірқатар маңызды шаралар өтті, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Іс-шара аясында жазушының үш бірдей кітабының және қаламгер туралы естеліктер жинағының тұсауы кесілді. Әдеби кешке зиялы қауым өкілдері, жазушылар, ақындар, әдебиеттанушылар, оқырмандар, сондай-ақ марқұм қаламгердің туған-туыстары мен шәкірттері қатысты. Жиналған көпшілік Ғабиден Құлахметтің қазақ әдебиетіндегі орны мен шығармаларының көркемдік құндылығы жайында ой бөлісіп, қаламгердің өнегелі өмір жолын еске алды.

Кеш барысында жазушының балалары мен «Ақ желкен» журналы бірлесіп ұйымдастырған «Ақ бастау» республикалық жобасының қорытындысы жарияланды. Аталған жоба балалар әдебиетіне жаңа леп әкелуді, жас авторлардың шығармашылығын қолдауды мақсат етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-тен астам талапкер қатысып, өлең, әңгіме, новелла, хикаят және фэнтези жанрындағы туындыларын жолдаған.

Байқау нәтижесінде үздік деп танылған шығармалар «Ақ бастау» атты арнайы жинаққа топтастырылып, жарық көрді. Айта кетерлігі, жинақ атауы жазушы Ғабиден Құлахметтің белгілі шығармасымен сабақтасып жатыр. Бұл – бір жағынан қаламгер рухына тағзым болса, екінші жағынан оның әдеби мұрасын кейінгі буынмен жалғастырудың жарқын көрінісі.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай бастамалар жас қаламгерлерді қолдап қана қоймай, қазақ балалар әдебиетінің көкжиегін кеңейтуге де ықпал етеді. Әсіресе қазіргі кезеңде балалар мен жасөспірімдерге арналған сапалы, мазмұнды шығармалардың маңызы артып отырғаны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда, «Ақ бастау» жобасы – әдебиетке жаңа есімдерді әкелетін маңызды алаңдардың бірі.

Ғ. Құлахмет атындағы қоғамдық қордың жетекшісі Ғазиз Құлахметтің айтуынша, байқаудың басты мақсаты – қоғамдағы ашықтық пен әділеттілік қағидаттарын ұстана отырып, балалар әдебиетіне қалам тартуға ниетті жас авторларды әдеби ортаға тарту, олардың шығармашылық ізденісіне серпін беру.

  • – Негізгі талабымыз – қоғамдағы ашықтық пен әділеттілікті қамтамасыз ету. Балалар әдебиетіне қалам тартқысы келіп жүрген жаңа авторлардың әдеби ортаға келуіне жол ашу, оларды ынталандыру. Жеңімпаздар бүгін ғана анықталды. Байқауда бас жүлде, бірінші орын, екі екінші орын, үш үшінші орын және екі ынталандыру сыйлығы қарастырылған. Барлығы тоғыз автор марапатталды. Олардың ішінде өлең де, заманауи цифрландыру дәуіріне бейімделген робот туралы қызықты әңгімелер де бар, – деді ол.

Әдеби кеште тек кітаптардың тұсаукесері ғана емес, жазушының шығармашылығы мен азаматтық болмысын арқау еткен естеліктер де айтылды. Қаламгерді жақын білген қаламдастары мен замандастары оның әдебиеттегі қолтаңбасын, адамгершілік болмысын, ұлт руханиятына сіңірген еңбегін ерекше ілтипатпен еске алды.

Осындай мазмұнды басқосулар арқылы қаламгер мұрасы жаңаша зерделеніп, жас ұрпаққа насихатталып келеді. Ғабиден Құлахметтің 70 жылдығына арналған бұл әдеби кеш – қазақ әдебиетіне көрсетілген құрметтің, сөз өнеріне деген ілтипаттың және жас дарындарға берілген қолдаудың жарқын үлгісі болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар #кітап #Бәйге
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);