ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Қалам мен қаруды қатар ұстап...»

«Қалам мен қаруды қатар ұстап...»

Мәдени Алматы 01.11.2024, 14:48 1,707
«Қалам мен қаруды қатар ұстап...»
almaty-akshamy.kz
А.Чехов атындағы Орталық кітапханада танымал қазақ жазушысы, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мақан Жұмағұловтың 100 жыл- дығына арналған «Қалам мен қаруды қатар ұстап...» атты әдеби...

А.Чехов атындағы Орталық кітапханада танымал қазақ жазушысы, прозаик, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мақан Жұмағұловтың 100 жыл- дығына арналған «Қалам мен қаруды қатар ұстап...» атты әдеби кеш өтті. Әдеби кешті Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай ашып, жүргізіп отырды.

Төраға орынбасары сәулелі ғұмырын қазақ жазушыларының шығармаларын орыс тіліне аударып, олардың Одаққа танымал болуына күш салған қаламгердің ерен еңбегін кеңінен атап өтті. Танымал жазушының балалық шағынан бастау алып, оның өмір жолын қамтыған деректі фильм де жазушыны терең тануға мүмкіндік берді.

Қаламгер жазушы Мақан Жұбанышұлы 1924 жылдың 20 қазанында Алматы облысының Шелек ауданына қарасты Киікбай аулында өмірге келеді. Жастайынан тағдыры қиыншылыққа толы қағілез ұлға тәңір сан қырлы талантты да қоса береді. Оның бойында ерекше дарыны басым болып, керемет сурет салу өнерін меңгерді. Сурет салуға деген құштарлығы оның Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түсуіне мүмкіндік береді. Осы арада тұтқиылдан басталған сұм соғыс оның оқуын толық бітіруіне кедергі келтіреді.

Дегенмен, Екінші дүниежүзілік соғыстан елге аман оралып, аталмыш училищені тәмамдайды. Мақан Жұбанышұлы екінің бірі батылы барып, қолы жете бермейтін Мәскеудегі Әдебиет институтын да ойдағыдай бітіреді. Ол өзінің еңбек жолында мектепте мұғалім, «Учитель Казахстана» газетінде әдеби қызметкер, «Жазушы», «Қазақстан» баспаларында редактор, «Авторлық құқық қорғау жөніндегі Бүкілодақтық агенттігінің Қазақ республикасы бөлімшесінде инспектор, аға әдеби кеңесші қызметтерін атқарады. Шығармаларын орыс тілінде жазған жазушыңың соңында мол мұра қалды. Оның тұңғыш «Қараторғай» өлеңдер жинағы «Қазақстан» (қазіргі «Простор» журналы) альманахы мен «Ленинская смена» газетінде жарияланады.

Жазушының «Қыран қазасы қияда» романы Ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы болған Амангелді Имановтың ерлігіне қойылған ескерткіш іспетті. Сондай-ақ, жазушының балаларға арналған «Сөз кітабы», «Днепрге» повесі, «Пима-ертегі», «Көңілді бес жүзінші» повестері мен әңгімелер жинағы жарық көрді. Жауынгер жазушының ерлігі ел есінде сақталып, орден-медальдармен, екі мәрте Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Орта Азия әскери округінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Міне, ерлік жолы да, еңбек жолы да жас ұрпаққа үлгі болатын Мақан Жұбанышұлының өмірі осылай өрілген. Арнайы келген көзкөргендер жазушының есімін есте қалдыру үшін мектепке, көшеге есімі берілсе деген тілектерін де жеткізді.

Кездесуде жазушы Зейнеп Ахметова Мақан Жұмағұлов батыр Бауыржанның талай еңбегін аударып, ризашылығына бөленгенін еске алса, жазушының жан жары Бати Жұмағұлова, қыздары Зура, Айгүл Жұмағұловалар әкеге деген сағынышқа толы естеліктермен бөлісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,423 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.