Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Әлеумет / Қала құрылысшыларына агломерацияның басқарылатын у...

Қала құрылысшыларына агломерацияның басқарылатын урбанизациясына қол жеткізу міндеті тұр

Әлеумет 26.01.2023, 11:44 1,283
Қала құрылысшыларына агломерацияның басқарылатын урбанизациясына қол жеткізу міндеті тұр
Сурет: Zakon.kz

Алматы агломерациясының дамуы


Әлемдік тенденциялар қалаларды одан әрі урбанизациялау қажеттілігін байқатады. Барлық елдерде ауылдық аумақтар мен шағын қалалардың халқы ірі мегаполис қалаларына көшіп, олардың айналасында ядро қаласымен тығыз байланысты агломерациялар құруда.


Бас жоспарды әзірлеушілердің алдында Алматы өзек-қаласы мен агломерацияның дамуын үндестіру, оларды біртұтас ойластырылған көлік қаңқасына байланыстыру, спутниктік қалалар мен агломерацияның басқа да елді мекендерін полиорталықтық даму қағидаты бойынша дамытуды қамтамасыз ету, азаматтарымызды әлеуметтік инфрақұрылыммен және қоғамдық пайдалану орындарымен қамтамасыз ету, сондай - ақ жаңа жоғары өнімді жұмыс орындарын құру міндеті тұр.


Алматы тұрғындары және агломерация тұрғындары арасындағы өмір сүру сапасындағы диспропорцияны қысқарту аса маңызды мәселе болып тұр.


Соңғы жылдары Алматы агломерациясын әрбір елді мекен мен аудан жеке өздері, нақты басқару және жоспарлау жүйесінсіз қалыптастырып отырды. Қолданыстағы елді мекендерге әкімшілік аумақтарды бір-бірімен байланыстыруға дейін кеңейте отырып, ауыл-шаруашылық қордың қосымша жерлері қосылды.


Бүгінде 2 миллионнан астам адам тұратын Алматы – бұл Алматы агломерациясының өзегі, ал қала құрылысшыларының алдында -  агломерацияның басқарылатын урбанизациясына қол жеткізу міндеті тұр.


Бұл міндетті шешу Алматы және Қонаев қалаларының аумағын, сондай-ақ қала маңындағы аймақты дамытудың бас жоспарлары негізінде орындалатын болады.


Қазіргі уақытта Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Агломерацияларды дамыту туралы» заң қабылданды, ол агломерациялардың құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктер арасындағы қатынастарды реттеуге бағытталған. Сондай-ақ Алматы агломерациясын дамытудың бірыңғай кешенді жоспары әзірленуде, ол Алматы агломерациясының нақты іс-шараларын қаржыландырудың басым бағыттары мен көздерін айқындайтын болады.


Орталығы Қонаев қаласында орналасқан жаңа Алматы облысының дамуы урбанизация процесін жеделдетеді-болжамды есептеулер бойынша 2030 жылға қарай Алматы агломерациясы шамамен 4,5 млн адамды құрайтын болады.


Қазіргі уақытта жеделдетілген даму болжамдары мен урбанизация процестерін ескере отырып, Алматы және Алматы облысының әкімдіктері қала маңы аймағының Бас жоспарын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасы) өзектендіру бойынша бірлескен жұмыстарды  жүргізуде.


                                                                                      


 


 



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #агломерация #бас жоспар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы орташа зейнетақының жаңа мөлшері белгілі болды

Бүгін 09:33

Үш жеңіс: алматылық жас инженерлер Central Asia FIRST Championship 2026 чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті

Бүгін 09:11

Таразда белгісіз ер адамдар 13 жастағы қызды ұрлап әкетпек болған

Бүгін 09:07

Атырауда көлік салығы бойынша 321 млн теңге берешек жиналды

Бүгін 08:53

Боран, көктайғақ: сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы қандай?

Бүгін 08:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.