AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Не? Қайда? Қашан? / Қала күніне орай ашық аспан астында гала-концерт ө...

Қала күніне орай ашық аспан астында гала-концерт өтеді

Не? Қайда? Қашан? 13.09.2024, 10:28 6,827
Қала күніне орай ашық аспан астында гала-концерт өтеді
Сурет ЖИ көмегімен салынды

Алматыда 15 қыркүйек күні сағат 19:00-де  Қала күніне орай және  Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театрының алдында жаңа «Мұра» театр маусымы басталуына қатысты гала-концерт өтеді. Оған Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жәмилә Баспақова, Гүлзат Даурбаева, «Құрмет» орденінің иегері Зарина Алтынбаева, халықаралық байқаулардың жеңімпаздары Нұржан Бажекенов, Фархад Кубиев, Венера Алпысбаева және басқа да опера және балет жұлдыздары қатысады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Айта кетерлігі, осы іс-шараның өтуіне байланысты 15 қыркүйекте сағат 17:00-ден 23:00-ге дейін Абылай хан даңғылынан Назарбаев даңғылына дейін Қабанбай батыр көшесі жабылады деп күтілуде.

Гала-концертті ұйымдастырушылар Абай атындағы ҚҰОБТ-ы мен Алматы қаласының әкімдігі концерттік бағдарламаның әрбір нөмірі ашық кеңістік үшін көркем ойластырылған опералар мен балеттердің үздік үзінділері екенін атап өтті. Ашық аспан астындағы айналмалы сахнада көрермендерге классикалық және заманауи сценография әлемінің үздіктері ұсынылады. Гала-концерттің дирижері-Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Байбосынов.

Сонымен қатар, өнер ошағының жаңа 91 маусымы мен Қала күнінің басталуына арналған іс-шаратұрғындар мен қонақтарға ұмытылмас жарық шоуын ұсынады. Оны жасау үшін танымал жарық суретшісі, беделді «Алтын маска» театр сыйлығының иегері, көптеген халықаралық жобалардың қатысушысы Татьяна Мишина шақырылды.

«Абай атындағы театр - өнердің бірегей бесігі. Оның басты мақсаты – болашақ ұрпаққа киелі сахна виртуоздарының шеберлігін ояту, 90 жылдық әдемі дәстүріміздің көрнекі жаңалығын қалыптастыру, сүйікті көрермендерімізбен байланысты нығайту және театрдың терең тарихын байыту», - деп атап өтті Абай атындағы ҚҰОБ-ның директоры Айнұр Көпбасарова.

Өтетін орны: Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры алдындағы алаң (Қабанбай батыр көшесі, 110).

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қала күні #театр маусымы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);