AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өт...

Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өтті

Мәдени Алматы 13.09.2026, 11:55 313
Қала күніне орай «Ән Алматы» мерекелік концерті өтті
Алматы әкімдігі

Мерекелік кеште қазақстандық эстрада өкілдері өнер көрсетті, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Алматыда Қала күніне орай «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында «Ән Алматы» атты мерекелік концерт өтті.

Музыкалық кештің негізгі мақсаты – Алматының мәдени келбетін, шығармашылық әлеуетін және қала тұрғындары мен қонақтарының сүйікті шаһарына деген құрметін өнер арқылы дәріптеу.

Концертте музыкалық композициялар мен театрландырылған көріністер арқылы қаланың тарихы, мәдени мұрасы, дәстүрі мен бүгінгі тынысы көрермен назарына ұсынылды.

Мерекелік кеште қазақстандық эстрада өкілдері мен «Алатау» дәстүрлі өнер театрының шығармашылық ұжымы бір сахнада өнер көрсетті. Концертке Алтынбек Қоразбаев, Мөлдір Әуелбекова, «Меломен» тобы, Ғаділбек Жанай, Abik Jeksen, «Бақай» тобы, Issatai, Айбек Жағыпар, «Sardar» тобы, Әзімбек Байлин, Алихан Байсұлтан, Інжу Әнуарбек, Зульфия Омарова, Нұрдаулет Карлов, ARUYESS, Дана Максим, Диана Майер, Алем Кусайнова, Назигүл Аликулова және басқа да өнерпаздар қатысты.

«Ән Алматы» концерті Қала күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бастамасы болды. Қала күніне арналған негізгі мерекелік бағдарлама 19-20 қыркүйек күндері Алматының бірқатар қоғамдық кеңістіктерінде өтеді. Атап айтқанда, Абай және Астана алаңдарында, Панфилов – Жібек жолы жаяу жүргіншілер көшелерінің аумағында, сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алаңында мәдени және ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады.

Мерекелік бағдарлама қала тұрғындары мен қонақтарына арналған концерттерді, мәдени іс-шаралар мен түрлі форматтағы мерекелік жобаларды қамтиды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Бельгиялықтар Королі мен Патшайымын шығарып салды

Бүгін 12:17

Бір жарым жыл бойы салмақ қосып жатырмын деп ойладым: Алматыда дәрігерлер әйелге көмектесті

Бүгін 12:05

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды вьетнамдық инвесторлармен Almaty Downtown жаңа іскерлік ауданын дамыту жайын талқылады

Бүгін 11:19

Алматының Жетісу ауданында ұзындығы бір шақырымнан асатын аллея көркейтіліп, «Жетісу» саябағы жаңартылды

Бүгін 10:44

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы қашан өтеді?

Бүгін 10:11
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);