AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қала көшесі GTA-ға айналды: Талдықорғанда жасөспір...

Қала көшесі GTA-ға айналды: Талдықорғанда жасөспірім рөлге отырып, полициядан қашқан

Заң мен тəртіп 17.11.2025, 11:16 500 Дина
Қала көшесі GTA-ға айналды: Талдықорғанда жасөспірім рөлге отырып, полициядан қашқан
Сурет: Polisia.kz

Талдықорғанда полицейлер түнде жасөспірім жүргізген көлікті қуып жүріп тоқтатты, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

16 қарашаға қараған түні, шамамен 03:00-де патрульдік полиция қызметкерлері Қабанбай батыр көшесінде жылдамдықты шамадан тыс асырып, қауіпті маневр жасаған Mitsubishi Pajero көлігін тоқтатпақ болды. Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының тоқтау туралы заңды талабын елемей, жылдамдықты арттырып, қашуға тырысқан.

Патрульдік экипаж дереу қуғынды бастап, ақпаратты басқа нарядтарға жолдаған. Бірнеше минутқа созылған қудалау нәтижесінде көлік көпқабатты үйдің ауласында бұғатталып тоқтатылды.

Тексеру кезінде көлікті 2009 жылы туған, жүргізуші куәлігі жоқ жасөспірім басқарғаны анықталды. Ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Оқиға туралы оның ата-анасына хабарланды. Көлік арнайы айыптұрағына қойылды.

Жасөспірімге қатысты:

  • полицейдің заңды талабына бағынбау,

  • жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізу
    фактілері бойынша материалдар сотқа жіберілді.

Сонымен бірге, ата-анасына қатысты:

  • баланың түнде ересектердің қарауынсыз жүрмеуін қамтамасыз етпеу,

  • тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамау
    бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Полиция жасөспірімнің қасында тағы үш кәмелетке толмаған досы болғанын анықтады. Олардың ата-аналарына да балалардың түнгі уақытта қараусыз жүргені үшін әкімшілік протоколдар рәсімделді.

Оқиға бойынша тергеу шаралары жалғасып жатыр. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#полиция #Талдықорған #қашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);