ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Мәдениет / Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табылды

Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табылды

Мәдениет 25.12.2023, 10:57 1,576
Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары табылды
Сурет: 24.kz
Қару 100 жылдан бері жеке адамдардың қолында жүрген.

Қару 100 жылдан бері жеке адамдардың қолында жүрген.


Тарихи жәдігер бүгін Ұлттық музей қорына табысталды. Бұл – арабтың жамбия деп аталатын қаруы. Қанжар даңқты балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлына тиесілі көрінеді. Оған бұл қаруды заманында Стамбул қаласының әкімі Шағыр паша сыйға тартқан, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


24.kz cайтының мәліметінше, қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлының қанжары елге оралды. Тарихи жәдігер қазір қолымда тұр. Қанжарда арнайы естелік сөз жазылған. Мұнда араб және көне түрік-осман тілінде «Күшті, жеңілмейтін Мұңайтпасов Мұқанға» деп жазылған. Екінші бетінде, «Бізден, қажылықтан естелік, Шағыр паша, 1330 жыл» деп жазылған. Түрік азаматының қазақ палуанына араб қанжарын беруінің де өзіндік себебі бар. Мұқан белдесулерінің бірінде Нуруллах есімді түрік балуанын жеңеді. Оған риза болған Стамбул әкімі Қажымұқанға құрмет көрсетеді. Тіпті бірге қажылық жасауға шақырған екен. Қанжар – сол сапардың естелік сыйлығы. Бұл жайлы жәдігерді тапқан – Ардақ Назаров айтты.



«Осы қанжар маған көрсетілді. Содан кейін белгілі бір адамдарға сатылайын деп жатқан жірінен, қолды болып кетейін деп жатқан жерінен мен айттым жоқ бұл қазақ еліне келгеннен кейін музейде тұруы керек. Оны біздің ұрпақтарымыз көру керек. Және ол тарихи жәдігер елге қайту керек, ол – хылықтыкі», - дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров.



Ғалымдар джамбияны 111 жыл бұрын Иемен шеберлері жасады –дейді. Оған қанжардағы «1330 жыл» деген сөз дәлел. Бұл хижра жыл санауымен жазылған уақыт. Шамамен өткен ғасырдың оныншы жылдарымен сәйкес келеді.



«Қару-жарақ зерттеуші ғалым ретінде сараптама жұмысына қатыстым. Музей бізді – мамандарды шақырды. Соның бәрінде 2 рет отырдық. Сонда оның жанағы тарихи дәлдігіне көзіміз жетіп, куәлігімізді бердік. Бұл енді тарихи дүние», - этнограф-ғалым Қалиолла Саматұлы.



Қару Ұлттық музей қорына салтанатты түрде табысталды. Құнды жәдігердің жеке қолдан музейге өтуі ұлт тарихы үшін елеулі оқиға – дейді жиынға қатысушылар. Сонымен қатар, балуанға тиесілі 26 зат музейде сақтаулы. 



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,433 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,252 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,259 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,982 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.