ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Қайрат" пен "Селтик", Motorfest: Алматыда тамызды...

"Қайрат" пен "Селтик", Motorfest: Алматыда тамыздың аяғында қайда барамыз?

Алматы 25.08.2025, 17:16 614
"Қайрат" пен "Селтик", Motorfest: Алматыда тамыздың аяғында қайда барамыз?
Алматы әкімдігі
Жаздың соңғы аптасын үйде өткізу – күнәға пара-пар іс. Өйткені дәл қазір Алматыда да, елдің басқа өңірлерінде де қызыққа толы іс-шаралар жетерлік. Фестивальден бастап кино көрсетілімдерге,...

Жаздың соңғы аптасын үйде өткізу – күнәға пара-пар іс. Өйткені дәл қазір Алматыда да, елдің басқа өңірлерінде де қызыққа толы іс-шара жетерлік: фестивальдер, кино көрсетілімдері, концерт пен тіпті УЕФА матчі. Аqshamnews.kz тілшісі аптаның ең қызық іс-шаралар топтамасын ұсынады. 

Спорт

26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" пен шотландиялық "Селтик" тағы да кездеседі. Бұл жолы "Қайрат" жеңіске жетсе, УЕФА-ның Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өтіп, бәріміз тарихи сәттің куәсі боламыз!

30–31 тамыз күндері Медеуде автокөлік мәдениетіне арналған Motorfest фестивалі өтеді. Мұнда елдегі ең сирек кездесетін және эксклюзив көліктер жиналады. 

Концерт

25 тамызда Qolyash есімді кәсіби виолончелистің "Viva la vida" аспапты концерті өтпек. 

29 тамыз ресейлік Филипп Киркоров Queen Mountain Resort сахнасында өнер көрсетеді. 

Дәл сол күні, 29 тамызда «La Bohême» театрында  альтернатив фолк бағытында өнер көрсететін «STEPPE SONS» концерті өтеді. 

31 тамызда Шарын шатқалында Shuaq фестивалі өтеді. Онда үш форматта өнер көрсетіледі. 

Сондай-ақ, 30 тамызда қала орталығында Конституция күніне орай түрлі іс-шаралар өтеді. 

Кино 

Апта бойы қала кинотеатрларында отбасымен бірге көруге болатын фильмдер ұсынылады:

  • "Қолыңнан келсе, алып қаш";

  • "Диспетчер";

  • "Adam: Нартәуекел" анимациялық фильмі.

Бұдан басқа

  • Almaty Gallery-де ХХ ғасыр туындылары, Пабло Пикассоның шығармаларын көруге болады. 
  • 30 тамызда Руслан Тай, Талғат Тынымбайдың Қазақша стендап-концертін тамашалай аласыздар.
  • 31 тамызда "Арзан психологтар" жобасының YouTube түсірілімі өтеді. Онда әр көрермен жүргізушілерге мазалап жүрген бір сұрағын қояды.
Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.