ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Алматы / "Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы матчті тең аяқтад...

"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы матчті тең аяқтады

Алматы 21.10.2025, 23:39 478
"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы матчті тең аяқтады
Нұрбол Ынтымақұлы
"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы матчті тең аяқтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

"Қайрат" кипрлік "Пафосқа" қарсы матчті тең аяқтады, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

Алматыдағы Орталық стадионда өткен “Қайрат” пен кипрлік “Пафос” арасындағы матч аяқталды.

Командалардың бастапқы құрамы төмендегідей болды:

Қайрат: Анарбеков, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Луис Мата, Арад, Глейзер, Мрынский, Жоржиньо, Громыко, Сәтбаев;
Пафос: Неофитос, Пилеас, Давид Луиз, Лукасен, Бруно, Шунжич, Пепе, Оршич, Драгомир, Кина, Джоао Коррейа.

сурет: Самат Құсайынов

Алғашқы тайм қалай өрбіді?

Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаңдағы шиеленіс сезілді. 4-минутта “Пафос” қорғаушысы Жоау Коррейа “Қайрат” ойыншысы Луиш Матаға қарсы дөрекі ойнағаны үшін қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Осы сәттен кейін алматылықтар бір ойыншыға артық ойнап, шабуылды күшейтті.

Бірнеше қауіпті шабуылдар ұйымдастырылғанымен, шешуші соққылар нәтижесіз аяқталды. 21-минутта “Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаев ескерту алды.

сурет: Самат Құсайынов

Қақпашы Темірланның ерлігі

Ойынның ең қауіпті сәттерінің бірі 33-минутта болды. “Пафос” шабуылшысы Драгомир “Қайрат” қақпашысымен бірге-бір шыққан еді. Бірақ Темірлан Анарбеков нағыз кәсіби реакция танытып, соққыны бетімен қайтарды. Сол сәтте ол жарақат алып, біраз уақыт алаңда жатты. Жанкүйерлер оған зор қолдау көрсетіп, қақпашы бірнеше минуттан соң ойынды жалғастырды.

Осылайша бірінші тайм 0:0 есебімен түйінделді.

сурет: Самат Құсайынов

Екінші таймдағы алма-кезек шабуылдар

Үзілістен кейін “Қайраттың” бас бапкері Рафаэль Оразбахтин тактикалық өзгеріс жасады. Еркін Тапаловтың орнына 87-нөмірлі Азамат Тұяқбаев алаңға шықты.

55-минутта Жоржиньо “Пафос” қақпашысымен бірге-бір шыққанымен, соққысы сәтсіз болды.
61-минутта Зария Глазердің орнын басты.
68-минутта Давид Луиздің қатты соққысын Анарбеков қайтара білді.
70-минутта Дастан Сәтпаевтың жүз пайыздық мүмкіндігі болғанымен, гол соға алмады.

сурет: Самат Құсайынов

“Қайраттың” бағына орай...

72-минутта “Пафос” шабуылшысы Драгомир бағыттаған доп қақпа бағанасына тиіп, одан Анарбековтың арқасына соғылып, торға түскендей болды. Алғашында автогол деп есептелген бұл сәт VAR жүйесі арқылы тексеріліп, Драгомир ойыннан тыс қалғаны анықталып, гол есептелмеді.

80-минутта Давид Луиз сары қағаз алды.
Қосымша берілген төрт минутта (90+4) да есеп өзгермеді.

Матч нәтижесінше “Қайрат” пен “Пафос” тең түсті. Ойын барысында алматылықтар допқа иелік ету жағынан да, шабуыл жағынан да басым болғанымен, сәттілік серік болмады. Осылайша, Қазақстандық клуб Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайларын алды.

Айта кетейік, 6 қарашада “Қайрат” сырт алаңда италиялық “Интер” командасымен ойнайды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,424 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.