AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / “Қайрат” жастар құрамасы “Олимпиакосты” 2:0 есебім...

“Қайрат” жастар құрамасы “Олимпиакосты” 2:0 есебімен жеңді

Спорт 09.12.2025, 15:46 805 Дина
“Қайрат” жастар құрамасы “Олимпиакосты” 2:0 есебімен жеңді
сурет: "Қайрат" ФК

Алматылық “Қайраттың” U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының 6-турында гректің “Олимпиакос” жастар құрамасын 2:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі.

Кездесу өте қарқынды басталды. Ойынның небәрі 4-минутында “Қайрат” сапындағы Рамазан Бағдат дәл соққысымен грек командасының қақпасын дәл көздеп, есепті алғаш болып ашты.

Екінші таймда алматылықтар басымдықты толық өз қолына алды. 57-минутта Мұхамедәлі Әбіш “Олимпиакос” қорғанысын қақырата өтіп, таблодағы есепті 2:0-ге жеткізді.

Бұл матчте “Қайрат” бастапқы құрамында Шерхан Қалмұрза, Данияр Ташпұлатов, Әмірбек Базарбаев, Мұстафа Шен, Адлан Нұрғалиев, Шыңғыс Дүйсенбек, Мұхамедәлі Әбіш, Карим Мұхаметжан, Мансұр Бірқұрманов, Әкежан Қалиқұлов және Рамазан Бағдат алаңға шықты.

Осы жеңістің арқасында “Қайрат” U-19 жалпы кезеңде алғашқы толық үш ұпайын иеленіп, турнирді төрт ұпаймен аяқтады. Бұған дейін алматылықтар Португалия, Испания, Кипр және Италия жастар командаларынан ұтылып, Дания клубымен өткен ойында тең түскен еді.

Еске салайық, кешке екі клубтың негізгі құрамалары арасындағы матч өтеді және бастапқы құрам белгілі болған еді. 

 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Қайрат #футбол
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);