ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Керек кеңес / Психотерапевт мазасыз ойлардан арылудың 15 минутты...

Психотерапевт мазасыз ойлардан арылудың 15 минуттық әдісін ұсынды

Керек кеңес 16.10.2025, 15:05 576
Психотерапевт мазасыз ойлардан арылудың 15 минуттық әдісін ұсынды
Сурет: Ilona Kozhevnikova / Shutterstock / Fotodom
Күнделікті күйзеліс, мазасыз ойлар мен ішкі қысымнан арылу үшін арнайы маманға жүгіну міндетті емес.

Күнделікті күйзеліс, мазасыз ойлар мен ішкі қысымнан арылу үшін арнайы маманға жүгіну міндетті емес.

Психотерапевт Салли Бейкер бұл жағдаймен өз бетіңізше күресуге көмектесетін үш кезеңнен тұратын қарапайым әдісті ұсынады. Небәрі 15 минут уақытыңызды алатын тәсіл жайлы Aqshamnews.kz тілшісі толғырақ жазады. 

Бейкердің айтуынша, мазасыз ойлар адамның басынан шықпай қояды. Оған себеп - адам өзін мазалаған ойға үнемі оралып, соның шырмауынан шыға алмауында. Ал бұған қарсы тұру үшін ой мен денені басқаруды үйрену қажет.

1-қадам: Мазалаған ойды анықтау

Ең алдымен, мазасыздықты тудырған нақты ойды анықтап көріңіз. Сол кезде денеңіздің қай тұсында қандай сезім бар екенін бақылаңыз.

«Өзіңізден сұраңыз: бұл мазасыздықты мен қай жерімнен сезіп тұрмын? Басым ба, жүрегім бе, ішім бе, иығым ба, әлде басқа бір бөлік пе?» – дейді Бейкер.

Бұл қадам  ойыңызды сыртқа шығарып, оның нақты не екенін тануға көмектеседі.

 

2-қадам: Назарды басқа жаққа аудару

Келесі кезеңде миға тынығуға мүмкіндік беру үшін назарды жеңіл, бейтарап нысанға бұру керек. Бұл үшін мына әдісті орындау керек:

  • Көз деңгейінде орналасқан екі нүкте таңдаңыз (мысалы, қабырғадағы екі бұрыш);
  • Алдымен біреуіне 1 минут қараңыз;
  • Кейін екіншісіне қараңыз;
  • Соңында екі нүктенің арасындағы бос кеңістікке назар аударыңыз.

«Бұл жаттығу ми жұмысын тыныштандырады. Алдымен сіз мазасыз ойды толық сездіңіз, енді фокусты қарапайым нәрсеге ауыстыра отырып, денеңіз бен санаңызды қайта бағыттайсыз», - дейді маман.

3-қадам: Сол ойға қайта оралыңыз

Соңғы қадамда бастапқыда мазалаған ойға қайта оралыңыз. Бірақ енді сіздің оған деген реакцияңыз басқаша болады - ми тынышталғаннан кейін, ол сізге басындағыдай ауыр әсер етпейді.

Бұл әдіс кімге көмектеседі?

Бұл техника әсіресе мынадай жағдайларда пайдалы:

  • Түнде мазасыз ойлардан ұйықтай алмай жатқанда;
  • Кенеттен уайым немесе қорқыныш билей бастағанда;
  • Паникалық шабуылдың алды сезілген кезде;
  • Ұйқысыздық, күйзеліс, шаршау жиі мазаласа.

Психологтар күніне 10–15 минутты өзіңізбен немесе жақындарыңызбен шынайы әңгіме құруды ұсынады. Бұл - ішкі тұрақтылық пен сенімділікті қалыптастырудың ең қарапайым жолы.

Қысқаша айтқанда, бұл жаттығу - ми мен денені қатар тыныштандырып, мазасыз ойдан арылуға көмектесетін жеңіл әрі қолжетімді тәсіл. Күн сайын қайталап отырсаңыз, нәтижесі де айқынырақ байқалады.

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,253 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.