AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Прокуратура мамандары қазақстандықтарға үндеу жолд...

Прокуратура мамандары қазақстандықтарға үндеу жолдады

Әлеумет 26.09.2022, 10:25 1,773
Прокуратура мамандары қазақстандықтарға үндеу жолдады
Сурет: Inform.kz

Тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.


Бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев Қазақстан азаматтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Жандос Өмірәлиев отандық ақпараттық кеңістікте және әлеуметтік медиада түрлі тақырыптар бойынша көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кеткенін айтты.


Оның айтуынша, желідегі кейбір блогерлердің арандатушылық мәлімдемелері пайдаланушылардың ұлттық араздықты тудыратын белгілері бар пікірлерін жариялауға негіз болады.



«Нақты азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, сондай-ақ бірқатар танымал тұлғаны ұстау және қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы жалған хабарламалар тарады. Мұндай жалған ақпаратты орналастыратын блогерлер қасақана, өз мүдделері үшін және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін әрекет етеді. Олардың мақсаты - жеке байыту және қаражатты бопсалау арқылы материалдық пайда алу. Ұлттық араздықты қоздыруға, қорқытуға, көрінеу жалған ақпарат таратуға бағытталған іс-әрекеттер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174, 194 және 274-баптары бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады», - деп қосты Бас прокурордың орынбасары.



Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы ел азаматтарын, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын заңнаманы бұлжытпай сақтауға және жоғарыда келтірілген кез келген құқық бұзушылықтардың жасалуына жол бермеуге, арандатушылыққа бой бермеуге және тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #Қазақстан #фейк #Үндеу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қазақстанның үздік тауары» таңдалады

Бүгін 16:23

Асанәлі Әшімов театрында «Мұғалім» драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 15:55

Қазақстан өңірлер экономикасын қалай дамытып жатыр?

Бүгін 15:24

Алматыдағы «Жан-Сая» дағдарыс орталығында 3,4 мыңнан астам адам көмек алды

Бүгін 14:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайды

Бүгін 12:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);