AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берг...

Профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілді

Мұны білген жөн 20.08.2025, 12:51 627 Сұлу
Профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілді
Алматы әкімдігі

Елімізде профилактикалық скринингтер мемлекет кепілдік берген медициналық қызметтер пакетіне енгізілген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтты.

Президенттің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан халыққа медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі үш есеге артты. Бұл халықтың жоғары технологиялық және қымбат қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік берді. Енді барлық медициналық көмек нақты екі бөлікке бөлінеді: ел тұрғындарының барлығына мемлекет толық кепілдік беретін базалық пакет және сақтандырылған азаматтарға арналған кеңейтілген сақтандыру пакеті.

«Ең көп таралған әлеуметтік маңызы бар аурулар бойынша скринингтер сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді. Биылдан бастап 50 жастан асқан ер адамдар үшін қатерлі ісіктерді, жүрек-қан тамырлары ауруларын және ми қан айналымының жіті бұзылыстарын ерте анықтау үшін скринингтің жаңа түрлері енгізіледі. Әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдықты деген күдік туындаған жағдайда тексерулер осы заң аясында барлығына да қолжетімді болады», — деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Осылайша, реформа қызметтердегі түсінбеушілікті жойып қана қоймай, бүкіл халық үшін ауруларды ерте анықтау мен алдын алуға басымдық беріледі.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#денсаулық #скрининг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);