AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Президенттің тағы бір көмекшісі тағайындалды

Президенттің тағы бір көмекшісі тағайындалды

Билік 09.09.2025, 11:37 756 Сұлу
Президенттің тағы бір көмекшісі тағайындалды
Ақорда

Президенттің тағы бір көмекшісі тағайындалды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. 

Қуанышбек Есекеев туралы не белгілі?

1975 жылы Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Т. Тысқұлов атындағы Қазақ экономика университетін және Hult халықаралық бизнес мектебін бітірген. Іскерлік басқару магистрі.

Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1997 жылы  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қолданбалы математика кафедрасында аға оқытушы болып бастады.

1998-2000 жылдары  – "Қазақойл" акционерлік қоғамы Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры;

2000-2002 жылдары – "Қазақстан темір жолы" РММ департамент басшысы;

2002-2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;

2002-2003 жылдары ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Ақпараттандыру департаментінің директоры;

2003-2004 жылдары  – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ақпараттандыру департаментінің директоры;

2004-2006 жылдары –  Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары;

2006-2007 жылдары –  Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының м.а.

2007-2010 жылдары –  Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы;

2010-2024 жылдары –  "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;

2024 жылғы 10 маусымда Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды.

Жарияланымдар, ғылыми еңбектер, мемлекеттік наградалар, ынталандыру (грамоталар т.б.)

ЕҚЫҰ Саммиті кезінде  телекоммуникациялық қызметтерін дайындау және техникалық қолдау көрсеткені үшін ҚР Президентінің Алғыс хаты (2010)

"Құрмет" ордені -2011ж.

"Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл" мерейтойлық медаль 2015 ж.

Астана күніне арналған "Астана 20 жыл" мерейтойлық медаль (2018)

"Парасат" Ордені -2018 ж.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Көмекші #тағайындау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы полициясы жүк тасымалына бақылауды күшейтті

Бүгін 11:12

Алматыға әлемге әйгілі Cirque du Soleil труппасы келді

Бүгін 11:08

Алматы мен Сиань туристік байланысты нығайтып келеді

Бүгін 11:05

Алматыдағы Мәдениет шағын ауданында суық су өшіріледі

Бүгін 10:08

Қазақ тілі – ChatGPT-де ең жылдам дамып келе жатқан тілдердің бірі

Бүгін 09:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);