ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Саясат / Президентіміз Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойын...

Президентіміз Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады

Саясат 19.08.2021, 16:31 2,001
Президентіміз Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Тери Хакаланы қабылдады
Сурет: Аkorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тери Хакаланы Еуропалық Одақтың Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, қызметіне табыс тіледі.




Тери Хакала Қасым-Жомарт Тоқаевқа Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишелдің сәлемін жеткізді. Онда Кеңес басшысының Қазақстан Президентін осы жылдың соңына дейін Брюссельге шақыратыны айтылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.



Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропалық Одақпен өзара стратегиялық іс-қимылына оң баға берді. 2020 жылдың наурыз айында күшіне енген Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық жөніндегі келісім осы қатынастарға тың серпін берді.



«Біз Еуропалық Одақпен қарқынды сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жоғары бағалаймыз. Қазақстан – Еуропалық Одақтың Орталық Азиядағы басты сауда серіктесі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 24 миллиард долларға жуықтады», –  деді Қазақстан Президенті.



Мемлекет басшысы мен Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі дағдарыстан кейінгі кезеңде өзара іс-қимылдың бағыттары ішінде жаңартылатын энергетика, жоғары технологиялар, инфрақұрылым мен денсаулық сақтау салаларына ерекше басымдық берілетінін атап өтті.


Халықаралық күн тәртібін талқылау барысында Ауғанстандағы жағдайға ерекше мән берілді.


Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда күрт өзгерген әскери-саяси жағдайға байланысты туындап отырған сын-қатерлерге алаңдаушылық білдірді. Президенттің айтуынша, бұл жағдайдың бар ауыртпалығы қақтығыс аймағына жақын орналасқан Орталық Азия мемлекеттеріне сезіліп отыр.


Тараптар Ауғанстанның барлық аумағында жуық арада жағдайдың тұрақталып, қоғамдық тәртіптің орнығуына, адам құқықтары мен еркіндігінің сақталуына және Кабулдың халықаралық әуежайынан адамдарды кедергісіз көшіруге қатысты пікірлерін білдірді.


Қазақстан Президенті мен Арнаулы өкіл Орталық Азия елдері мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынаста аталған мәселенің маңызын ескере отырып, байланыстарды қолдауға дайын екендерін нақтылады.



Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,426 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,255 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.