ffin.kz
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Қала тынысы
    • Саясат
    • Әлеумет
    • Өмір-өзен
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • 📰 Газет
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Қала тынысы
    • • Саясат
    • • Әлеумет
    • • Өмір-өзен
    • • Экономика
    • • Мәдениет
    • • Әлем
  • Freedom
  • Бізді де біле жүріңіз
    • • Алматы құшағында
  • dddd
  • Сайлау-2023
  • Тәуелсіздік-30
    • • Тәуелсіздік-30
  • Еуро-24
  • Париж-2024
  • АЭС: Референдум
  • Таза Қазақстан
  • Көшпенділер ойыны
  • BRT-Райымбек
  • BRT-Желтоқсан
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

Басты бет / Билік / Президент Тоқаев МКҚ басшылық құрамына жиналыс өтк...

Президент Тоқаев МКҚ басшылық құрамына жиналыс өткізді

Билік 25.08.2021, 15:03 990
Президент Тоқаев МКҚ басшылық құрамына жиналыс өткізді
Сурет: Akorda.kz.
Күзет қызметінің жаңа бастығын таныстырды.

Күзет қызметінің жаңа бастығын таныстырды. 


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев МКҚ басшылық құрамына жиналыс өткізіп, Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Ермек Сағымбаевты таныстырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Akorda.kz сілтеме жасап.


Президент Мемлекеттік күзет қызметінің үлкен жауапкершілігі мен маңыздылығына тоқталып, барлық қызметкерлерден, әсіресе, басшылықтан ерекше білім мен біліктілік талап етілетінін айтты.



«Мемлекеттік күзет қызметінің мамандарынан кәсібилік талап етіледі. Біріншіден, жауынгерлік және дене дайындығы. Бұл ретте Мемлекеттік күзет қызметінің, тиісті бөлімшелердің басшылары жан-жақты білімді, дүниетанымы кең, елдің ішкі саяси жағдайын да, халықаралық ахуалды да жақсы меңгерген болуы керек. Олардың халықаралық талаптардың қыр-сырын жетік білетін зерек, талдау жұмыстарына қабілетті болғаны жөн. Біз тек осындай жағдайда ғана жұмыстан тиімді нәтиже күтеміз», – деді Қасым -Жомарт Тоқаев.



Президент кадрлық әлеуетті арттыру туралы айта келіп, МКҚ офицерлері мемлекетке, өздеріне жүктелген қызметке адал және нағыз патриоттар болуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы кадрларды іріктеуде дәл осы ұстанымдарды басшылыққа алуды баса айтты.


Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары Батырбек Байбосыновты да таныстырды.


Мемлекет басшысы жиын соңында жаңа бастық пен барлық офицерлерге қызметте табыс тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Көп оқылған

1

30 ЖЫЛДЫҢ 30 ЖЕТІСТІГІ

76,425 қаралым
2

Алматы SOS: коммуналдық қызметшілерге арналған ыстық шай және кондитер өнімдері

43,250 қаралым
3

Отбасы туралы мақал-мәтелдер

39,254 қаралым
4

Жас жеткіншектер - елдің ертеңі!

35,981 қаралым
5

Жастар - елдің болашағы!

34,178 қаралым
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2024, "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті.